AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сенат төрағасы ҚХА құрылымдарының басшыларымен кез...

Сенат төрағасы ҚХА құрылымдарының басшыларымен кездесті

Әлеумет 28.02.2023, 08:55 905
Сенат төрағасы ҚХА құрылымдарының басшыларымен кездесті
Сурет: ашық дереккөз

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының басшыларымен кездесу өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.


Іс-шара барысында сенаторлар мен ҚХА өкілдері алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын талқылады.


Отырысты ашқан Палата Төрағасы елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси реформалардың маңызына тоқталды. Сондай-ақ ол Қазақстан халқы Ассамблеясы квотвасының Сенатқа берілуі соның бір нәтижесі екенін тілге тиек етті.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жалпыұлттық бірлік және этникааралық келісім идеясын дәріптеуге үнемі баса мән беріп келеді. Бұл бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясы ерекше рөл атқарады. Ассамблея квотасының Мәжілістен Сенатқа берілуі Президентіміздің бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың маңызды бөлігі. Қазіргі таңда Ассамблея квотасымен тағайындалған сенаторлар заң шығару жұмысына белсенді кірісіп, Палата отырыстарында маңызды мәселелерді көтеріп жүргенін атап өткен жөн, – деді Мәулен Әшімбаев.



Сенат Төрағасының айтуынша, Палатаның жаңа рөлін ескере отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара жұмыстың тиімді тетіктерін айқындап алу аса маңызды. Сондай-ақ түрлі тәжірибелік іс-шараларды Ассамблеяның алдында тұрған міндеттерді назарға ала отырып ұйымдастыру мәселесі де өзекті екені айтылды.


Жиын барысында Ассамблея квотасымен тағайындалған сенаторлар, ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов және тағы басқалары сөз сөйледі. Қатысушылар этносаралық қарым-қатынас саласындағы жанжалды жағдайлардың алдын алу мәселелері бойынша пікір алмасып, осы бағыттағы жұмысты одан әрі жақсарту жөнінде ұсыныстарын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан халқы Ассамблеясы #Сенат #басшысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Трансұлттық есірткі схемасы әшкереленді: 40 адам ұсталды

Бүгін 11:55

Алматыда Наурыз қалай тойланады: 21-23 наурызға арналған негізгі іс-шаралар

Бүгін 11:45

Алматыда зерлеу өнері қалай қайта жаңғырып жатыр?

Бүгін 11:37

Алматы тұрғыны құрақ көрпені қайта тігуді жаңғыртып жүр

Бүгін 11:31

Қазақстанда адвокатураның мәртебесі жаңа Конституцияда конституциялық деңгейде бекітіледі

Бүгін 11:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика