конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев дауыс берді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев дауыс берді

Сайлау-2023 20.11.2022, 03:12 991
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев дауыс берді
Сурет: 24.kz

Бүгін - әр қазақстандық өз таңдауын жасайтын күн.


Сенат төрағасы Астана қаласындағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Бүгінгі күн еліміз үшін маңызды, Президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау еліміздің алдағы дамуының бағыт-бағдарын айқындайды. Біздің еліміз үшін соңғы жылдары оңай болмады. Пандемия ел экономикасы мен халқымызға ауыр тиді. Коронавирусты бәріміз бірге еңсердік. Биыл Алматыдағы қаңтар оқиғасы бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Қазір әлемдегі геосаяси жағдай ушығып тұр. Дегенмен қиындықтарға қарамастан, Қазақстан халқының бірлігі мықты», - деді Мәулен Әшімбаев.



Сенат басшысының айтуынша, бүгін - әр қазақстандық өз таңдауын жасайтын күн.



«Биыл маусымда референдум өтті. Оның негізінде Конституциямызға бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, саяси өзгерістер сайлауға да қатысты. Бүгін халық 7 жылға, бір ретке Қазақстан президентін сайлайды. Сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне барлық жағдай жасалды. Кандидаттарға да теңдей мүмкіндік берілді. Дауыс беру барысын халықаралық байқаушылар қадағалап жатыр. Президент сайлауының Қазақстан заңнамалары мен халықаралық стандарттарға сай өтетініне сенімдімін», - деді Сенат басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сенат #төраға #дауыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданының әкімі ашық meet-up өткізді

Кеше 19:00

Сайлауалды науқанда басты назар – еңбек адамы: партиялар мұғалімдерге, дәрігерлерге және өндіріс қызметкерлеріне не ұсынады?

Кеше 17:29

Арбатта «Сайлау» әуеге көтерілді: Алматы жастары сайлау туралы авторлық әнмен жарқын флешмоб ұсынды

Кеше 16:47

Тағы 1832 пәтер: Алматыда қоныс тойын тойлайтын тұрғындарға кілт табыстаудың екінші кезеңі өтіп жатыр

Кеше 13:53

Қостанай облысында еліміздің ең ірі аграрлық іс-шараларының бірі – «Қостанай дала фестивалі – 2026» өтіп жатыр

Кеше 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);