Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Сенат Төрағасы: Бұл – нағыз еркіндік пен егемендік...

Сенат Төрағасы: Бұл – нағыз еркіндік пен егемендіктің мерекесі

Мұны білген жөн 16.12.2021, 10:42 1,197
Сенат Төрағасы: Бұл – нағыз еркіндік пен егемендіктің мерекесі
Сурет: Senate.parlam.kz

Бұл туралы Мәулен Сағатханұлы әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында жазды


ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Аalmaty.tv-ға сілтеме жасап



«Құрметті достар! Баршаңызды елдігіміздің мерейлі белесі – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – нағыз еркіндік пен егемендіктің мерекесі. Біз Тәуелсіздігіміздің осынау тарихи межесін ғасырларға жүк болар зор жетістіктермен қарсы алып отырмыз. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық саясатының арқасында барлық сала жүйелі түрде дамыды. Шекарамыз шегенделді, экономикамыз жүйеленді, сыртқы саясатымыз сындарлы жолға түсті. Ең бастысы, осы жылдар ішінде мемлекеттілігіміз толық қалыптасты. Төл құндылықтарымыз төрге озып, тарихымыз бен мәдениетіміз дәріптелді. Ана тіліміз ардақталып, діліміз бен дініміз қайта жанданды. Қазақстан бүкіл әлемге татулық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің алтын бесігі ретінде танылды. Елбасының батыл шешімімен Арқа төрінде жаңа астанамызды салдық. Аз уақыттың ішінде бүкіл түркі жұрты үшін киелі де қастерлі мекен – Түркістанды түлеттік. Жалпы, 30 жылда еліміздің барлық өңірі өсіп-өркендеді. Мұның бәрі – егемендіктің арқасында қол жеткізген жеңістеріміз бен жетістіктеріміз», – деп жазды М.Әшімбаев Facebook парақшасында. 



Сенат спикерінің айтуынша, Тәуелсіздікті одан әрі нығайту – барша ел халқының басты міндеті. 



«Енді осы бағыттан айнымай, Тәуелсіздікті одан әрі нығайту – бәріміздің ең басты міндетіміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сабақтастық пен өрлеуді ту еткен саясаты соны көздейді. Шын мәнінде, біз үшін Тәуелсіздіктен артық құндылық, одан асқан байлық жоқ. Тәуелсіздік ұлтымызды ұйыстырды, жұртымызды жұмылдырды, абыройымызды асқақтатты. Ендігі міндет – барымызды бағалап, жеңісті жолымызды жалғау. Ол үшін татулығымыз берік, бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болуға тиіс. Осы жолда бәріміз бірлесіп, нәтижелі еңбек ете береміз деп сенемін. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтай отырып, баршаңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Елдігіміз еңселі, егемендігіміз баянды болсын! Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін! Мейрам құтты болсын!» – дейді ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік #төраға #Сенат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның ғарыштағы жолы

Бүгін 11:07

ХҚКО-лардан тағы бір қызмет алынып тасталды

Бүгін 10:47

15 сәуірге дейін мобильді аударымдар тексеріледі

Бүгін 10:34

Әскердегі әлімжеттікті енді ЖИ қадағалайды

Бүгін 10:28

Ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика