Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында екінші орын алды. Бұл әзірге Қытайдың Уси қаласында 17-22 маусымда өтетін құрлықтық чемпионаттағы жалғыз жүлде болып тұр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Zakon.kz сілтеме жасап.
Ұлттық құрама шешуші белдесу жолында Филиппинді (45:37), Өзбекстанды (45:40) және Оңтүстік Кореяны (42:36) жеңді. Командалық семсерлесу жарысында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай күміс жүлдені жеңіп алды.