AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Семейде жалған маркамен алкоголь өндірген жасырын...

Семейде жалған маркамен алкоголь өндірген жасырын цех әшкереленді

Заң мен тəртіп 01.04.2026, 10:21 190 Сұлу
Семейде жалған маркамен алкоголь өндірген жасырын цех әшкереленді
Видео кадры

Абай облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен және Семей қаласының Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, заңсыз алкоголь өнімдерін өндірген жасырын цехтың жұмысын тоқтатты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тергеу мәліметінше, Семей қаласының тұрғыны тиісті лицензиясыз алкоголь өндірген. Заңсыз өнім орынжайлар мен гараждарда спиртті сумен араластыру арқылы дайындалып, кейін танымал брендтердің атауымен шыны бөтелкелерге құйылған. Өнімге заңды сипат беру үшін қолдан жасалған есепке алу-бақылау маркалары пайдаланылған.

Тінту кезінде "Finsky Ice" және "Сибирские морозы" атауымен 12 мыңнан астам бөтелке алкоголь, 8 мыңнан аса бос бөтелке, 10 мың литрден астам спирт құрамды сұйықтық, жалған маркалар, сондай-ақ өндіру және буып-түюге арналған жабдықтар тәркіленді.

Сот санкциясымен цех орналасқан жекеменшік үйге және өнімді тасымалдауға пайдаланылған үш автокөлікке тыйым салынды. Ал ұйымдастырушыға қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Қаржы мониторингі агенттігі мұндай өнімдерді тұтыну азаматтардың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретінін ескертті. Ведомствоның мәліметінше, сапасыз алкоголь улануға, ішкі ағзалардың, соның ішінде бауыр мен бүйректің зақымдануына, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заңсыздық #алкоголь өнімдері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37

Рабиға Сыздық көшесінің бір бөлігінде қозғалыс 2,5 айға шектеледі

Бүгін 17:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);