AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сейфуллин – Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы кө...

Сейфуллин – Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталды

Әлеумет Бүгін 10:18 43 yakiya
Сейфуллин – Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталды
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының Бас жоспарын іске асыру мақсатында және Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі №2/259 қаулысына сәйкес, 2025 жылдың шілде айында Сейфуллин көшесі мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2025-249 тапсырма, 5-тармақ:
Сейфуллин – Жансүгіров көшелері қиылысындағы сквер маңына қоғамдық көлікке арналған аялдама кешенін орнату мәселесін қарастыру.
Орындалды.

2025-93 тапсырма, 8-тармақ:
Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі және Саин көшесі – Мөңке би көшесі бағыттарындағы көлік жолайрықтарының құрылысын белгіленген мерзімде аяқтап, абаттандыру жұмыстарын толық орындау және әкімнің жұмыс сапары барысында айтылған ескертулерді жою (аралық есеп – 2025 жылғы 30 шілде).
Орындалды.

Жобаның негізгі мақсаты – қаладағы маңызды көлік тораптарының бірінде жол өткізу қабілетін арттыру және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл үшін көше қиылыстарындағы көлік жүктемесін азайту, көлік ағынын тиімді ұйымдастыру, жол жүру уақытын қысқарту, кептелістер мен жол-көлік оқиғаларын төмендету, сондай-ақ жол желісінің тұрақты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету көзделді.

Жоба аясында заманауи көпдеңгейлі көлік жолайрығы салынды. Оның құрамына эстакадалар, жол өткелдері және негізгі бағыттар бойынша көліктің үздіксіз қозғалуын қамтамасыз ететін бұрылыстар енгізілді. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін 2 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды.

Сонымен қатар сыртқы жарықтандыру жүйелері, бағдаршамдар, жол белгілері және қоршаулар орнатылды. Нөсер суын ағызу жүйесі жасалып, инженерлік коммуникациялар көшіріліп, жаңғыртылды.

Іргелес аумақтарды кешенді дамыту мақсатында жолдар қайта жаңартылып, кеңейтілді, тротуарлар мен қоғамдық көлік аялдамалары жабдықталды, сондай-ақ абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Осы жобаның жүзеге асырылуы нәтижесінде көлік торабының өткізу қабілеті айтарлықтай артып, жол кептелістері азайды және жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейі жоғарылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолайрық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Лондонда Наполеонмен соғысқан қазақтар туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгін 11:00

Алматыда құқықтық мәдениет тақырыбын көтерген конференция өтті

Бүгін 10:35

Алматыда JAN Production киностудиясының директоры қамалды

Бүгін 09:10

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:39

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);