AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпи...

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Спорт Бүгін 17:41 57 Дина
Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы

Бішкекте өтіп жатқан 2026 жылғы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін еншіледі. Командалық жарыста қазақстандық гимнаст қыздар күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Командалық турнир қорытындысы жекелей және топтық сындардағы іріктеу нәтижелері бойынша анықталды. Қазақстан құрамасы сапында Айбота Ертайқызы төрт жаттығу бойынша 107,20 ұпай жинаса, Ақмарал Ерекешева 106,50 ұпай еншіледі. Ал топтық екі бағдарламада ұлттық құрама қоржынына 49,95 ұпай түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының жалпы көрсеткіші 263,65 ұпайға жетіп, қыздар екінші орынға тұрақтады. Командалық күміс медаль Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешевамен қатар Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хакимжанова, Жасмин Джунусбаева және Мадина Мырзабайға табысталады.

Азия чемпионатында бірінші орынды 265,80 ұпаймен Өзбекстан құрамасы иеленді. Қытай спортшылары 262,85 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

25 мамыр күні жекелей және командалық көпсайыс бәсекелері өтеді. Бұл сында Қазақстан құрамасының барлық өкілдері жүлде үшін таласады. Ал 26 мамырда спортшылар жекелеген жаттығулар финалында өнер көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 25 жастағы алматылық өлі табылды

Бүгін 11:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);