Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / «Сәуір» амалы басталды

«Сәуір» амалы басталды

Керек кеңес 20.04.2023, 12:01 2,132
«Сәуір» амалы басталды
uprostim.com

... 17 сәуір күні сіркіреп бастаған жаңбырдың соңы қарға айналды. Бүршігін жарып, гүлін ашып тұрған жеміс ағаштары әп-сәтте ақ көрпеге оранғандай күй кешіп, мүлгіп шыға келді. Күннің жылынуын күтіп, бау-бақша егуге дайындық жасап жүрген жұртшылықтың алып-ұшқан көңілін көктем ортасынан ауған кезде орын алған жұтаң көріністің жүдетіп жібергені рас. Бұл «Отамалының» соңғы тұяқ серпері еді...


Сәуір сөзі арабша «өгіз» деген мағынаны білдіретінін өткен пайымдарымызда айттық. Ал біздің қазекең осы айдың он бесіне туатын көктемгі бұлттың атын да сәуір деп атаған. «Сәуір бұлтындай түнеріп» деген ескіден келе жатқан теңеу сөз бұған дәлел.


Сәуірдің «Қойшы», «Құсқанаты» деген жанама аттары бар. Амал кезіндегі әдет-ғұрып: сәуір амалы өтпей сәурік пішуге болмайды. Ауа райының ерекшелігі: күн жылынып, көк шыққан кезінде аяқастынан ауа райы бұзылып, қарлы боран болуы мүмкін екен.



Қазақ есепшілерінің есебі бойынша, Сәуір амалы осы айдың 20-сына кіреді, яғни бүгіннен басталды. Сәуір туғанда күн күркірейді, бөлек-бөлек «жаз бұлты» шығады. Қариялар сәуір амалы кіргенде жаз бұлттарын бақылайды. Бұлт төніп, ыдырамаса, сәуірдің бұлты қалып қойғаны. Онда сәуір амалы ұзаққа созылып, 40 күнге жалғасады. Жаңбыр нөсерлеп жауып, соңы қарға ұласады. «Сәуір болмай, тәуір болмайды» деген мақал осыдан қалған болса керек. Тілімізде Сәуір амалы кезінде табиғи құбылыстардың шаруашылыққа пайдалы болатыны туралы басқа да мақал-мәтелдер қалыптасқан: «Сәуір – суымен, мамыр – гүлімен», «Сәуір болмай, сайран болмас, Сайран болмай, айран болмас», «Сәуір болса, күн күркірер, Күн күркіресе, көк дүркірер», «Сәуірдегі жауын – сауып тұрған сауын», «Сәуір жақсылығына бақса, алты күн, жақсылығына бақпаса, алпыс күн», тағы басқа амалға қатысты тәмсілдер толып жатыр.



Сәуір амалы өтпей, сәурік (үйірге енді қосылған 3-4 жасар айғыр) пішуге болмайды. Аяқ астынан ауа райы бұзылып, қарлы боран болуы мүмкін. Осы жөнінде аңыз былай дейді: бір бай отамалы өткен соң, жаз шықты деп ойлап, қысыраққа бөлінген қырық сәурігін түгел піштіріп тастайды. Сөйтіп, байтал айғырларын өріске шығарыпты. Аяқ астынан дауыл тұрып, қар жауып, күн суытып, байдың жұқа киінген бір мырзасы мен 40 сәурігі өледі. Ел ішінде осы амал «Қырық сәуірік, бір мырза» деп аталып кетіпті...  


Бүгін григорианша сәуірдің 20-сы, мұсылманша рамазан айының соңғы күні – 29-ы. Қазақы есепке сүйенсек, айдың 7-ші жаңасы. Апта айдың алғашқы онкүндігі мен соңғы аптасына және соңына дәл келіп тұр. Демек, ауаның райында ауытқушылық бар...


Пайымның болжамын синоптиктер жоққа шығарып отырған жоқ, керісінше. ұқсас болжамдар айтуда. Метеорологтардың мәліметінше, Алматыда жаңбыр мен дауыл күтілуде. Күндіз термометр бағаны 11–13 градус жылылықты көрсетсе, түнде ауа райы, жылылық  2–4 градусқа дейін төмендейді. Астана мен Шымкентте дауылдық ескерту жарияланып отыр. Екпіні секундына 15–20 метрге дейін жететін қатты жел соғады.


...Жоғарыда айтқанымыздай, Сәуір амалына сенім жоқ...




БАБАЛАР БОЛЖАМЫ


Табиғат құбылыстарына қарап  жасалған жорамал:



  • Күн кенет ысып кетсе, ұзамай жауын жауады.

  • Құйын көп болса, қыс аязды болады.

  • Найзағайлы болса, жаз ыстық, қыс жайлы болады.

  • Аңызақ ыстық – қыстағы қатты аяздың белгісі.

  • Жұлдыздар жарқырап тұрса, келер күн ыстық.

  • Бұлт желге қарай көшсе, жаңбыр жауады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сәуір #Жаңбыр #ағаштар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика