AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Саудагерлер бас көтерді

Саудагерлер бас көтерді

Әлеумет 27.03.2024, 11:47 1,364 Almaty-akshamy.kz. 
Саудагерлер бас көтерді
Сурет: Almaty.tv

Саудагерлердің айтуынша, басшылықтың әрекеті қымбатшылыққа себеп болуда


Талдықорғандағы сауда орындарының бірінде шу шықты. Мұндағы көпшілік жалға алу бағасын өсірген басшылықтың бассыздығына наразы. «Шыдамымыз таусылды» деген олар бүгін базар алдында бас көтерді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Cаудагерлердің айтуынша, базар басшылығы жалға алу бағасын бірнеше есеге көтерген. Азаматтар қанша қарсылық білдірсе де, ешкім мән бермеген. Сауда орнының иелері оларға «ақшаны төлеңдер немесе орынды босатыңдар» деп талап қойған.


Саудагерлердің айтуынша, басшылықтың әрекеті қымбатшылыққа себеп болады. Салдарынан, тұтынушы жоғалуы мүмкін. Ал азаматтар кімге шағым айтарын білмей, сабылып жүр.



– «Ұнамай ма, кет» дейді. Ал біз электр жарығын ай сайын төлейміз. Бала-шағамызды сауда жасап, асырап отырмыз. Қазір сауда жоқ, – деді саудагер Динара Ысқақова.



«Тұтынушылар 500 теңгелік затты 1000 теңгеге сатасыңдар?» дейді. Біз 1-2 зат сатсақ, тәуба дейміз. Неге орынды қымбаттатады? – деді саудагер Қарлығаш Жұмабекова



– Мүлде жағдай жасалмаған. Тіпті дәретхана ақылы. Көктем мен күзде жаңбыр жауса, төбеден су ағып, мұз қатады. Оны тазалап жатқан ешкім жоқ. Жүру тіпті мүмкін емес. Сонда не үшін бағаны көтереді? – деді саудагер Венера Қадырова.



Сауда орнында шамамен 5 мыңға жуық кәсіпкер бар. Олар бұған дейін ай сайын 44 600 теңге төлеп келген. Шерін айтып, шеруге шыққан топтың шағымын тыңдау үшін базар басшысы да келді. Алайда азаматтардың арызына құлақ түрер ол жоқ.



– Жалға алу құнын 4 жыл көтермедік, енді инфляция бар, комуналдық қызметкөрсету құны өсті. Сол себепті осындай шешім қабылданды, – деді сауда орнының директоры Серік Құлжабеков.



Саудагерлердің базынасын жергілікті билік те біледі. Десе де мәселені шешуде әкімдік қауқарсыз. Жағдайға қатысты түсінік берген олар «қос тарап әуел баста келісімшартқа қол қойды» деп құтылды.



– Қала әкімі өзі базардың құрылтайшысымен сөйлесті. Бірақ бұл кісілерді міндеттей алмаймыз. Алайда ұсынысты қолдамаса, екіжақты келісімшарт негізінде сотқашағымдануға болады, – деді Талдықорған қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мирас Ахметсапа.



Наразы топ о бастағы талаптан қайтар емес. Егер іс мұнымен бітпесе, сотқа да арызданбақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саудагерлер #Талдықорған #қымбатшылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);