Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сарбаздарға арналған «Отбасымен бейнеқоңырау» қызм...

Сарбаздарға арналған «Отбасымен бейнеқоңырау» қызметі енгізілді

Әлеумет 27.08.2022, 12:08 1,342
Сарбаздарға арналған «Отбасымен бейнеқоңырау» қызметі енгізілді
Сурет: Дереккөз

Бағдарламаға 30-дан астам абонент қосылды


Бұл жоба бірінші рет елорданың десанттық-шабуылдау құрамасында іске қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың тапсырмасымен әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар ата-аналарын көріп, тілдесуі үшін «Отбасымен бейнеоңырау» қызметі ұйымдастырылды. Десанттық-шабуылдау құрамасында өткен пилоттық телекөпір Қарулы Күштердің барлық әскери бөлімдерінде өткізу орынды екенін көрсетті.
Бірінші бейне байланысқа әскери бөлімнің басшылығы, мерзімді қызметтегі жауынгерлер және олардың ата-аналары қатысты. Бағдарламаға 30-дан астам абонент қосылды.
«Отбасымен бейнеуқоңырау» телекөпірі кезінде сарбаздар өздерінің жақындарын көріп, әскери қызметтен алған әсерлерін және меңгерген жетістіктерін айтып жатты.
Бөлім басшылығы ұсынған ақпарат та ерекше қызығушылық тудырды. Бригада командирі полковник Нұрлан Кәрібаев десантшылар қызметінің ерекшеліктерін сөз етсе, бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Талғат Құлманов демалысты ұйымдастыру және әлеуметтік қамсыздандыру жөнінде айтып өтті. Одан өзге бригада басшылығы мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, оның ішінде дала жағдайында тамақтандыру мәселелерін, сондай-ақ жауынгерлердің денсаулығын қорғау төңірегінде өткізілетін міндетті іс-шараларды талқылады.
Бүгіннен бастап Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерінде «Отбасымен бейнеқоңырау» тұрақты түрде іске қосылатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сарбаздар #отбасы #қоңырау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар 12 алтын медаль алды

Бүгін 18:30

2027 жылы қазақстандық оқушылар жаңа тест тапсырады

Бүгін 17:50

Қазақстанда «Мейірімділік апталығы» басталды

Бүгін 17:23

«Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімұлының есімі беріліп, «Үздік логотип» байқауы жарияланды

Бүгін 16:45

Алматы әкімдігінде тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту бағдарламасы егжей-тегжейі таныстырылды

Бүгін 16:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика