Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сарбаз әскери ант рәсімінде сүйіктісіне сезімін бі...

Сарбаз әскери ант рәсімінде сүйіктісіне сезімін білдірді

Әлеумет 12.01.2025, 09:48 1,423
Сарбаз әскери ант рәсімінде сүйіктісіне сезімін білдірді
Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлім

Алматыда Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде 600-ден аса жас сарбаз салтанатты түрде ант берді.

Бұл рәсім Отан алдындағы борышын өтеуге бел буған әр азаматтың өмірінде маңызды орын алады.

Алып мегаполис — Алматы қаласының тыныштығын қамтамасыз ететін жедел бригадаға әр өңірден жылына екі рет жас толықтырылым келеді. 

Іс-шараға жауынгерлерді қолдауға олардың ата-ана, бауырлары, достары, бөлімнің ардагерлері және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен құраманың әскери қызметшілері қатысты.

Алматы облысынан шақырылған қатардағы Равиль Магамед әскерге дейін Чайковский атындағы музыкалық колледжде білім алып, үрмелі аспаптарда ойнайтын музыка маманы болған. Ұлттық ұланға келіп әскери оркестрді көрген ол бірден өзінің болашақта кім болатынын нақты шешті. Мерзімдік қызметті аяқтаған соң, әскери оркестрде қызмет етемін дейді жас жауынгер. Салтанатты  шараға Равильдің қос әжесі — Айша апа және Шолпан апа, нағашы атасы Мәлік ақсақал және ата-анасы Ренат Магамедұлы мен Қанаш Мәлікқызы келіпті. 

— Отан алдындағы борыштарыңды абыроймен өтеңдер. Ер-азамат деген атқа лайық болыңдар. Қызметтеріңе адал болыңдар. Жолдарың ашық болсын. Әрқашан жақсы сөзге лайық болыңдар, елдің ризашылығына бөленіңдер. Командирлеріңді тыңдаңдар, тәртіпке бағыныңдар! - деп Мәлік ата немересі мен оның қаруластарына батасын берді.  

Салтанатты шарада ерекше оқиға болды. 1 оқу ротасының сарбазы, Павлодар қаласынан шақырылған қатардағы Жантөре Ерзал екі мыңға жуық дүйім жұрттың алдында сүйген қызына сөз салды. Жолдастарымен алдын ала жоспарлап, командирлерінен рұқсат алған Жантөре көпшілік ішінен Дана есімді аруды дауыстап іздеді. Мұндайды күтпеген бойжеткен басында аңтарылып қалды. Алаңға аяғын имене басып шыққан Данаға жиналған жұрт қол соғып, қолдау білдірді. Жас сарбаздың ұсынысына бойжеткен қыз “Иә!” деп жауап берді.

Жантөре мен Дана бір мектепте оқыған сыныптастар екен. Дана бүгінде — мектеп мұғалімі. Жантөре оған үйленуге ұсыныс білдіруді әскерге дейін шешкен екен. Бірақ сөз салып үлгермегендіктен, осындай айтулы күнге ниеттенген екен. Екі жастың сүйіспеншілігі мәңгілік болғай!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сарбаз #ант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика