AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / САҚТАР КИЕ САНАҒАН ТАРҒЫЛ БАРЫС

САҚТАР КИЕ САНАҒАН ТАРҒЫЛ БАРЫС

Өмір-өзен 10.02.2022, 03:53 2,204 Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ
САҚТАР КИЕ САНАҒАН ТАРҒЫЛ БАРЫС
wwf.ru

Мерзімі біткен Сиыр (жылы) осқырынып, амалсыз тарих құшағына еніп барады. Жаңа жылдың иесі – Барыс күндей күркіреп өз тұғырына  орнығуда.


Жаңа жылды тек Шығыс халқы ғана емес, әлемнің 40-қа тарта мемлекеті наурыз айында қарсы алып жүр. Еуропалықтар улап-шулап жүріп қақаған қаңтардың басында бастап, екі мәрте (ескісін бір, жаңасын бір) қарсы алды.



Астрономдар 2021-ді – Бұқа жылы деп жариялады. Бұқа десе, дегендей, бұқалығын көрсетті. Жылдың соңына қарай, қаңтарда  оқалақ тигендей мөңкіді-ай келіп. Жылдың соңы деп отырғанымыз, Сиыр жылы қазақы есеп бойынша,  наурыздың  22-сіне бітеді. Ақпанның 15-16-сына қыс пен көктем белдеседі. Сол күні ауа райы қандай болса, көктем айы сондай болады деген жорамал бар.



Барыс жылы қандай болады?  Барыс – Сиыр жылынан кейін, Қоян жылынан бұрын кіретін мүшел есебінің үшінші жылы. Орталық Азия халықтарының күнтізбелерінде қолданылады. Ал Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде Барыс жылын «Жолбарыс жылы» деп те атайды.


Барыс жылы - қиындық пен қуанышқа, ауыртпалық пен жақсылыққа толы жыл. Барысты сақтар қасиетті аң деп бағалаған, оған орынсыз күш жұмсамаған. Қазақ халқының жорамалында Барыс күрделі бетбұрыстар алдындағы тыныштық жылы деп саналған. Айталық, 1937 жылы басталған репрессия (жаппай ату, қыру, жер аудару) Барыс жылы (1938) аяқталған. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы Барыс жылымен тұспа-тұс келді. Нәтижесінде еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізді.



Барыс  жылы туғандардың табиғи белгісі – ағаш. Барыс жылғылар өте мықты, қажырлы, шынайы, жомарт  болып келеді. Жаман қасиеті: тынымсыз, өзімшіл, тек өз басын ойлап қалған. Дегенмен,  Барыс жылы адамзат тарихы мен тағдырына ықпал еткен тұлғалар  өмірге келген. Сол себепті, Барыс жылын қазақтар жайсыз жыл деп санамайды. Ақыреттің  пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с), қазақтың тұңғыш эмигранты Мұстафа Шоқай Барыс жылы дүние есігін ашыпты. 



Қолданыстағы күнтізбе бойынша, бүгін 10-шы ақпан.  Ай күнтізбесі бойынша, ақпанның – 8-і, қазақша ақпан айының басталуына 3 күн бар (14 ақпаннан басталады). Апта айдың алғашқы он күнін түгел қамтып тұр. Әрбір айдың басы мен ортасында және соңында ауа райында өзгеріс болатыны бесенеден белгілі. Осы аптаның ауа райын «түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз» деген бұрынғылар. Демек, алдағы апта құбылмалы болатынға ұқсайды: жаңбыр да, қар да, ашық күндер де көрініс беруі ғажап емес.


Бабалар айтады


Ақпан айының соңғы жартысында:


* Ауа райы ашық болса, жаз қуаң болады.


* Жер көлкілдеп, ылғал молайса, жазда жер отты болады.


*  Дала қарлы болса, келер жазда жер нәрлі болады.


*Алқап қалың қар жамылса, көкекте көл суға толады.


* Екі аралықта қар жауса, көктем жаңбырлы болады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #пайым #барс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);