Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Сандық әлемдегі қылқалам құдіреті»

«Сандық әлемдегі қылқалам құдіреті»

Мәдениет 16.03.2024, 15:05 1,193
«Сандық әлемдегі қылқалам құдіреті»
Сурет: almaty-akshamy.kz

интерактивті экспозициясының тұсаукесер өтті.


ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлаудағы жаңа тұжырымдамаға сәйес, «Сандық әлемдегі қылқалам құдіреті» интерактивті экспозициясының тұсаукесері өтті.



Экспозицияның ашылу салтанатына қылқалам шеберлері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Парасат» орденінің иегері Алпысбай Қазығұлов, Ресей этнографиялық музейінің Кавказ, Орталық Азия және Қазақстан этнографиясы бөлімінің жетекшісі Л.Ф. Попова, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің оқытушылары мен студенттері, музей қонақтары қатысты.



Екі ғасырлық тарихы бар Орталық музейдің қорында 273 мыңнан астам музейлік құндылық сақталған. Оның ішінде бейнелеу өнері коллекциясында он мыңға жуық көркем туынды жинақталса, 4723 сақтам бірлігін кескіндеме және графикалық жұмыстар құрайды. Осы коллекция негізінде алғаш рет келушілер назарына ұсынылып отырған тың жоба – интерактивті экспозицияда Орталық музейдің бейнелеу өнері коллекциясында шығармалары сақталған 52 қазақстандық суретшінің ішіндегі 10 қылқалам шеберінің бейнелеу өнерінің кескіндеме және графика бағытында орындалған этнографиялық тақырыптағы, сондай-ақ, пейзаж, портрет жанрындағы майлы бояу мен акварель техникасында орындалған 100 жұмысының сандық форматтағы көрсетілімі таныстырылды.



Интерактивті экспозицияның мақсаты – музей қорында сақталған бейнелеу өнері туындыларын, қазақстандық суретшілердің шығармашылығын насихаттау, олардың туындыларына қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылқалам #сурет #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика