«Самұрық-Қазына» қоры IPO тақырыбына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастайды

«Самұрық-Қазына» қоры IPO тақырыбына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастайды Сурет: Kaztag.kz

Арнайы кездесулер 60-тан астам қалада өтеді.


«Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның барлық өңірлерінде IPO тақырыбында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін бастайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Халықпен, кәсіпорын жұмыскерлерімен және қоғам қайраткерлерімен кездесулер бүкіл ел бойынша 60-тан астам қалада өтеді. Іс-шараларға «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, AIX және KASE қазақстандық қор биржаларының және брокерлік-дилерлік ұйымдардың өкілдері қатысады.


Сарапшылар қоғамды Қордың жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-ның іске асырылу барысымен, оның ішінде бірінші IPO-кандидаты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниясына қатысты негізгі ақпаратпен таныстырады.


«Самұрық-Қазына» АҚ мақсаттарының бірі - барлық қазақстандықтардың IPO-ға қатысуын қолжетімді ету. Үкіметтік Жекешелендіру жоспарын іске асыру шеңберінде, Қор Қазақстан Республикасының азаматтарына өз активтерін бәсекелес ортаға шығару тетіктері және елдің ірі компанияларының IPO-ға қатысу мүмкіндіктері туралы толық ауқымды ақпарат таратуды жалғастырады.


IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы көбірек біліңіз.


Анықтама үшін:


2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 8 ірі активі, оның ішінде IPO арқылы бәсекелес ортаға ішінара шығарылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сы осы жылға жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, 2012-2020 жылдар аралығында Қордың бірнеше ірі компаниялары қазақстандық қор алаңдарында акциялардың листингін өткізді. «Самұрық-Қазына» портфельдік компанияларының IPO-ның табыстылығы төленген дивидендтердің көлемімен және компаниялардың листингі басталғаннан бастап олардың нарықтық капиталдандыруының ұлғаюымен расталады. Мәселен, KazTransOil компаниясында акциялар құнының өсімі 121%-ды, KEGOC - 281%-ды, Kazatomprom – 383%-ды құрады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:03

17:27

17:02

16:53

16:44

16:31

16:13

15:56

15:45

15:32

15:21

15:20

15:12

15:02

14:44

14:35

14:28

14:11

13:02

12:41

12:24

12:12

12:01

11:47

11:22