Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Салық кодексі: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарл...

Салық кодексі: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы қажет

Әлеумет 20.01.2026, 11:25 137
Салық кодексі: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы қажет
Сурет: Nege.kz

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Соған сәйкес арнаулы салық режимдерінің саны үшке дейін қысқартылды. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге қандай режимдер қарастырылғанын және қандай жағдайда 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық режимін таңдау туралы хабарлама беру қажет екенін түсіндірді, деп хабарлады Aqshamnews.kz.

Жаңа Салық кодексінде келесі үш арнаулы салық режимі көзделген: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін; оңайлатылған декларация негізіндегі режим; шаруа және фермер қожалықтары үшін.

«Жаңа Салық кодексі аясында арнаулы салық режимдерінің саны қысқартылды, яғни олар үшке дейін оңтайландырылды. Бұған дейін олардың саны жеті болған. Қазіргі таңда үш арнаулы салық режимі қалды. Біріншісі – оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі. Екіншісі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі. Үшіншісі – шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі», - деп атап өтті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шыңберген.

Кәсіпкерлер нені білуі тиіс:

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР

Осы режимді қолдануды жоспарлап отырған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет.

Егер көрсетілген мерзімде хабарлама ұсынылмаса, салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырылады.

Хабарламаны: 

- Салық төлеушінің кабинеті (АЖ СӘИЖ жүйесінде «Құжаттарды тапсыру» – «Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама» бөлімі).

- E-Salyq Business арнайы мобильді қосымшасы арқылы («Қызмет» – «ЖК салық салу режимін өзгерту» бөлімі).

- Қағаз нұсқада орналасқан жері бойынша МКБ арқылы;

- Банктердің мобильді қосымшалары арқылы (қазіргі уақытта бұл сервис Kaspi Bank қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» – «ЖК реквизиттері мен салық режимін өзгерту» бөлімінде іске асырылған) беруге болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режиміне көшу

2026 жылғы 1 наурыздан бастап салық органдары 2025 жылы патент негізіндегі АСР немесе арнайы мобильді қосымшасы арқылы АСР қолданған салық төлеушілерді ЖК ретінде есептен автоматты түрде шығарады.

Есептен шығару күні ретінде 2026 жылғы 1 қаңтар танылады, бұл ретте салық төлеушінің есептен шығу туралы өтінішті өз бетінше беру құқығы сақталады.

Егер салық төлеуші қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама тапсырып, өзге режимді таңдаған жағдайда, есептен шығару жүргізілмейді. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР қолдана басталған күні ретінде E-Salyq Business мобильді қосымшасында алғашқы чек қалыптастырылған күннен танылады.

Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режиміне көшу

Аталған режимге көшу 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық органдары арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады және хабарлама тапсыруды талап етпейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін жаңа Салық кодексінде қандай өзгерістер қарастырылғанын жаздық.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Cалық кодексі #кәсіпкерлер #хабарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көктемнің келуіне байланысты демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерде 2000 тонна азық-түлік өнімдері сатылады

Бүгін 15:07

№2 мектепте Халықаралық әйелдер күніне арналған әсерлі мерекелік кеш ұйымдастырылды

Бүгін 12:53

Мемлекеттік еңбек инспекциясы кәсіпорындардың 284 млн теңгеге жуық берешегін анықтады

Бүгін 12:42

Алғыс айту күні: Алматыда зағип жандарға тегін көз тексерісі ұйымдастырылды

Бүгін 12:23

Жыр алыбына тағзым: Жамбыл рухы жаңғырған кеш

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі