AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сайлауға дайындық

Сайлауға дайындық

Әлеумет 27.10.2022, 05:01 1,254 Рая ЕСКЕНДІР
Сайлауға дайындық
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының сайлау комиссияларының кадрлары арнайы оқытудан өтіп жатыр


Қазақстан Республика­сы Президентінің жанын­дағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиа­лында Алматы қаласы­ның аумақтық және учас­келік сайлау комиссияларының мүшелері мен төрағалары үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және практика» тақыры­бында оқыту семинары өткізіліп жатыр.


Аталмыш семинардың басты мақсаты – сайлау заң­намасының негіздерін және оны Қазақстан Республика­сының Президентіне сайлау кезінде қолдану практика­сын білу есебінен кәсіби құ­зыреттер мен практикалық дағдылар деңгейін арттыру болып табылады.


Семинарда, оқыту бағ­дарламасына сәйкес, сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, дауыс беру тәртібі және сайлауда дауыс беру қорытындысын шыға­ру, сайлау заңнамасын бұзға­ны үшін жауапкершілік, қо­ғамдық бақылаушылармен және БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимыл туралы және т.б. практикалық және интерак­тивтік форматтағы сабақтар қарастырылып отыр.


Оқыту барысында дауыс беру күні сайлаушылармен жұмыста сайлау комиссияла­ры мүшелерінің мінез-құл­қы, ықтимал жанжалды жағ­дайларды шешу мәселелеріне ерекше назар аударылады.


Сондай-ақ, семинарға қатысушылар арасында нақ­ты практикаға бағдарланған «Қазақстан Республикасы Президентін сайлау күні» іскерлік ойыны өткізілді.


Сабақтарды филиал оқы­тушылары, сайлау заңнама­сындағы сарапшылар және алдыңғы сайлауды өткізуде айтарлықтай тәжірибесі бар сайлау процестерін ұйым­дастырушылар мен бизнес-тренерлер жүргізіп жатыр.


Аталмыш оқу бағдарла­масы 2018 жылдан бастап ҚР Орталық сайлау комис­сиясы мен Қазақстан Рес­публикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасын­да жасалған меморандум шеңберінде Алматы қаласы­ның аумақтық сайлау комис­сиясымен бірлесіп іске асы­рылып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сайлау #дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді

Бүгін 12:41

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);