AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сағадат Нұрмағамбетовке ескерткіш орнатылды

Сағадат Нұрмағамбетовке ескерткіш орнатылды

Әлеумет 10.09.2022, 12:04 1,879
Сағадат Нұрмағамбетовке ескерткіш орнатылды
Сурет: Inform.kz

Өскеменде Халық қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке арналған монумент пен гүл бағы ашылды, деп хабарлайды Almaty-Akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов Қарулы күштердің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан дарынды мемлекет қайраткері және мықты қолбасшы ретінде елдің есінде қалған аңыз адам.


Ескерткіштің ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Руслан Шпекбаев, Өскемен гарнизонының әскери қызметшілері, қарулы күштердің ардагерлері, қоғам өкілдері, сондай-ақ батырдың немересі Лира Нұрмағамбетова қатысты.



«Ұлы даламыз әрқашан қауіпсіздікті сенімді қамтамасыз етіп, қаһармандық пен патриотизмді паш ететін лайықты батыр ұлдарымен әйгілі. Жастарымыз Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов сияқты батырларды үлгі тұтып өсуі тиіс. Сол себепті де, біз үшін ұрпақтар сабақтастығы аса маңызды», - деді Руслан Шпекбаев.



Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Сағадат Нұрмағамбетов Краснодар өлкесін, Украинаны, Молдавияны, Батыс Белоруссия мен Польшаны азат етуге қатысты. Польша аумағында жаудың қорғанысын бұзып өтуде қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны, сонымен бірге көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.



«Тәуелсіздік таңында Сағадат Нұрмағамбетов жас мемлекеттің Қарулы күштерін құрып, қорғаныс қабілетін нығайтты. Елімізде әскер болмаған кезеңде орасан зор беделі мен кәсіби шеберлігінің арқасында командалық құрамды, техникалық базаны сақтап, Қарулы күштердің құрылымын қалыптастырып, әскери қызметшілердің патриоттық рухын көтере алды», - деді Даниал Ахметов.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов #Қарулы күштер #қорғаныс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«ADALDYQ CUP» — мемлекеттік қызметті трансформациялаудың тиімді құралы

Бүгін 15:07

Бюджет үдерістерінің ашықтығы және бәсекелі мемлекеттік сатып алу: мәселелер мен шешу жолдары

Бүгін 15:05

Адалдық пен білім тоғысқан «ADALDYQ CUP»

Бүгін 15:02

Алматыда Denis Ten Memorial Challenge-дің VIII кезеңіне 25-тен астам елдің спортшысы қатысады

Бүгін 14:16

Қала күніне орай Терренкурда жаңа мурал пайда болды

Бүгін 12:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);