Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Рыбакина әлемде ең көп эйс жасаған теннисші атанды

Рыбакина әлемде ең көп эйс жасаған теннисші атанды

Спорт 02.04.2024, 04:41 935
Рыбакина әлемде ең көп эйс жасаған теннисші атанды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Теннисші 26 матчта 181 эйс жасады


Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина осы маусымдағы эйс саны бойынша көш бастады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.


Теннисші 26 матчта 181 эйс жасады.


Рыбакинадан кейін чехиялық Каролина Плишкова (91 эйс) екінші, жапониялық Наоми Осака (70) үшінші орында келеді.


Майами WTA 1000 турнирінде Рыбакина 53 эйс жасады.


Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде Беларусь өкілі Арина Соболенконы ығыстырып, екінші орынға көтерілді. Ал Майами турнирінен кейін ол әлемдік рейтингте өзінің төртінші орнын сақтап қалды. Үздік үштікте өзгеріс жоқ. ТОП-3 тізімінде Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь), Коко Гауфф (АҚШ) бар.


Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингінде ТОП-50-ге жақындады.


Путинцева Майами WTA 1000 турнирінің ширек финалына шығып, 68-ден бірден 52-орынға көтерілді.


Юлия Путинцева осы аптада Чарльстон (АҚШ) WTA 250 жарысында өнер көрсетеді. Оның алғашқы қарсыласы – аустралиялық Арина Родионова. Егер Путинцева Арина Родионованы жеңсе, екінші айналымда украиналық Леся Цуренкомен ойнайды.


Ерлер арасында ATP рейтингінде Александр Бублик 18-сатыда қалса, Александр Шевченко 58-ден 56-ға көтерілді. Михаил Кукушкин 134, Денис Евсеев 182-сатыда, Бейбіт Жукаев 201-орында, Дмитрий Попко 240, Тимофей Скатов 277-сатыда тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис #Рыбакина #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13

Алматы дәрігерлері күрделі трихобезоарға сәтті ота жасады

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика