Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне Роман Васильевич Скляр тағайындалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Тиісті Жарлыққа 2026 жылғы 5 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
"Скляр Роман Васильевич Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын", – делінген Ақорда сайтында жарияланған құжатта.
Сонымен қатар 2024 жылғы 6 ақпаннан бері бұл қызметті атқарып келген Айбек Арқабайұлы Дәдебай Мемлекет басшысының Жарлығымен лауазымынан босатылды.