Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Рим Папасының Қазақстанға келуі саяси маңызы зор о...

Рим Папасының Қазақстанға келуі саяси маңызы зор оқиға - Мәулен Әшімбаев

Саясат 31.08.2022, 11:15 1,700
Рим Папасының Қазақстанға келуі саяси маңызы зор оқиға - Мәулен Әшімбаев
Сурет: Aif.ru

Съездің негізгі миссиясы - бітімгершілік қағидатын орнықтыру.


Парламент Сенатының Төрағасы, Съезд Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев журналистерге берген сұхбатында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезін өткізудің маңызы жайлы айтты, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.


Мәулен Әшімбаевтің айтуынша, бүкіл әлемде орын алып отырған геосаяси шиеленіс жағдайында келіссөздер үстелінде бас қосудың мәні айтарлықтай артып отыр. Осы орайда, ол мемлекеттер арасындағы саяси ынтымақтастықтың деңгейі төмендеп кеткенін ескеріп, әлем бұл съезге ортақ мәмілеге келуге жол ашатын қадам ретінде үлкен үмітпен қарап отырғанын жеткізді.



«Кейбір мәселелер саяси тұрғыдан шешімін таппай жатса, қарама-қайшылықтар күрделене түскенде, діни ұйымдар басшыларының арасында осындай диалогтың маңызы арта түсетінін байқап отырмыз. Алдағы съезде 100-ден астам БАҚ хабар таратады. Сондықтан бұл форум әлемде ынтымақтастықты дамытуға, қақтығыстарды азайтуға, шиеленістерді жоюға ықпал етеді деп сенеміз», - деді Сенат спикері.



Айта кетсек, VII съезге 100-ден астам рухани, діни көшбасшылар және халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында әл-Азхардың Бас имамы шейх Ахмед ат-Тайеб, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм және басқа да діндердің лидерлері мен өкілдері бар. VII съездің негізгі ерекшеліктерінің бірі - Рим Папасы Францисктің қатысуы.



«Рим Папасының Қазақстанға сапары рухани және саяси маңызы зор оқиға. Ол үнемі соғыс, кедейшілік, гендерлік теңсіздік сияқты әлемдегі ең өзекті мәселелерді көтеріп жүреді. Рим Папасының әлемдегі абырой-беделі де өте жоғары екенін білеміз. Сондықтан оның сөзіне бүкіл әлем құлақ түреді. Сол себепті Рим Папасының Қазақстанға келуі елімізге инвестиция тартуға, туризмді дамытуға және мемлекетіміздің халықаралық аренадағы мәртебесін көтеруге оң әсерін тигізеді», - деді Мәулен Әшімбаев сұхбат барысында.



Сондай-ақ Сенат Төрағасы съезді қаржыландыру мәселесіне тоқтала кетті. Ол барлық шығын әлемнің басқа елдеріндегідей Қазақстанның халықаралық іс-шараларға жұмсайтын өкілдік шығыстары шегінде екенін айтты.



«Бұл жерде ағылып-төгіліп жатқан қаржы жоқ. Біріншіден, жыл сайын республикалық бюджеттен елдің сыртқы саяси бағытын іске асыруға бағытталған белгілі бір қаражат бөлінеді. Барлық іс-шаралар осы қаржыландыру аясында жүзеге асырылады. Екіншіден, қонақтардың бір бөлігі өз есебінен келеді. Үшіншіден, демеушілік көмек те қарастырылған. Сонымен қатар діни лидерлер ысырапшылдықты қолдамайтын және оны қабылдамайтын өте қарапайым адамдар екенін айта кету керек. Сол себепті, біз айтарлықтай қаражат жұмсап, артық шығынға ұшырап жатырмыз деуге еш негіз жоқ», - деді Мәулен Әшімбаев.



Сенат Төрағасының айтуынша, съездің негізгі миссиясы - бітімгершілік қағидатын орнықтыру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Рим папасы #Қазақстан #құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46

Жаңа Конституция бойынша референдум: алматылықтардың белсенділігі соңғы 5 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

Бүгін 23:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика