конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ретсіз қойылған көліктер кедергі келтіреді: құтқар...

Ретсіз қойылған көліктер кедергі келтіреді: құтқарушылар жүргізушілерге үндеу жасады

Заң мен тəртіп 15.04.2026, 10:25 460
Ретсіз қойылған көліктер кедергі келтіреді: құтқарушылар жүргізушілерге үндеу жасады
depositphotos.com

Төтенше жағдай министрлігі аулаларда ретсіз қойылған көліктерге қатысты үндеу жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өртті сөндіруді қиындататын себептердің бірі — тұрғын үйлерге өрт сөндіру техникасының кіре алмауы. Бұл көбінесе көліктердің ретсіз тұраққа қойылуы салдарынан болады.

"Төтенше жағдайлар қызметі мен полиция қызметкерлері мәселені өз көздерімен көріп, оның алдын алу мақсатында профилактикалық рейдтер жүргізуде. Қазақстан Республикасы Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 164-тармағына сәйкес: "Ғимараттарға, құрылыстарға, сыртқы сатыларға және өртке қарсы су көздеріне апаратын жолдар, кірме жолдар мен өтпе жолдар жарамды күйде ұсталып, өрт сөндіру техникасының еркін өтуіне қолжетімді болуы тиіс", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай кезінде кез келген кідіріс адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 12 сәуірге қараған түні Астанадағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерлердің бірінде болды.

Пәтерден үш баланың мәйіті табылды. Өртсөндірушілер бір әйелді құтқарып қалды, кейін ол ауруханаға жатқызылды. Жоғары қабаттардан 20 адам эвакуацияланды, тағы 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетінше шығып үлгерген.

Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды. Кейін көмектің кешігуіне ретсіз қойылған көлік аталып, оның иесі жазаланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТЖМ #көлік #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Алтынсарин даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 19:08

Air Astana тұрақты сатып алулар саласында IATA ISP сертификатын алды

Бүгін 18:52

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шаймерденов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:52

Алматыда Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы екі күнге шектеледі

Бүгін 18:46

Қазақстан еркін күрестен Армениядағы халықаралық турнирде алты медаль жеңіп алды

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);