AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Республиканың 19 кәсіпорны 1,2 мыңнан астам жұмыск...

Республиканың 19 кәсіпорны 1,2 мыңнан астам жұмыскерге жалақы бойынша берешек

Әлеумет 11.03.2025, 10:02 783 dulatbekova
Республиканың 19 кәсіпорны 1,2 мыңнан астам жұмыскерге жалақы бойынша берешек
Сурет: Gov.kz

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 7,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 19 кәсіпорны 1,2 мыңнан астам жұмыскерге 328,9 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 995 фактісі анықталды.

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 579 ұйғарым берілді және 69,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 900 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 135,8 млн теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2025 жылғы 1 наурыздағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 896 тексеру жүргізді, оның барысында 995 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 904; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 85; халықты жұмыспен қамту бойынша – 6.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6,3 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Еңбек инспекторлары #жұмыскер #құқығын қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);