AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Республикалық VI жазғы Спартакиадасы аяқталды

Республикалық VI жазғы Спартакиадасы аяқталды

Спорт 05.12.2023, 04:56 1,436
Республикалық VI жазғы Спартакиадасы аяқталды
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Астанада таеквондодан Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы аяқталды.


Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек Сарайында 2-4 желтоқсан аралығында өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Үш күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен 179 мықты спортшы медальдар үшін жарысты. Жарысқа 113 ер адам мен 76 әйел қатысты, олардың арасында Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Смайыл Дүйсебай, Рио-2016, Токио-2020 Олимпиада ойындарының қатысушысы және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы Руслан Жапаров, чэндудегі Дүниежүзілік жазғы Универсиаданың чемпионы Рита Бакишева,құрама көшбасшылары және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпаздары Ботагөз Қапанова, Нұрбек Газез, Нұрай Хусайнова және тағы басқалар бар. Байрақты бәсекеде отандық спортшыларымыз 16 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, өзара кім мықтыны анықтады.   Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жарыстың финалдық жекпе-жектерін тамашалап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.


«Таэквондодан елордада ұйымдастырылған республикалық спартакиада бәсекесі аяқталды. Жарыстың соңғы күніндегі финалдық жекпе-жектер тартысты өтті. Еліміздің аймақтарынан келген спорт шеберлері өзара күш сынасып, жанкүйерлерге өз шеберлігін паш етті. Жарыс барысында төрешілер әділ жұмыс істегенін, ал ел спартакиадасы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Спортшыларымызды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын. Ендігі кезекте, намысты қолдан бермей, әлемдік сайыста үздіктер қатарынан көрінуіне тілектеспін», - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #таэквондо #турнир
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер мұрасы заманауи көзқараспен қайта жаңғырды

Бүгін 18:15

«Даму» қорының өңірлік желісі базасында «Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай фронт-офисі жұмысын бастады

Бүгін 17:30

Алматыда қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымы кеңейіп келеді

Бүгін 16:55

Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады

Бүгін 16:45

Аңызға айналған «Ақиқат» журналына – 105 жыл

Бүгін 16:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);