AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Республикалық олимпиадаларда ауыл оқушыларының жүл...

Республикалық олимпиадаларда ауыл оқушыларының жүлделі орын алуы 10 есеге жуық артты

Білім және ғылым 04.03.2025, 16:22 606
Республикалық олимпиадаларда ауыл оқушыларының жүлделі орын алуы 10 есеге жуық артты
Сурет: Gov.kz

2024 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар 80 зияткерлік іс-шараға қатысты.

Барлығы 1,5 миллионнан астам (40%) оқушы қамтылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында белгілі болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Екінші жыл қатарынан ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиада өткізіліп келеді. 2024 жылы оның мектепішілік кезеңіне 113 мыңнан астам оқушы тіркелді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 35 мыңға артық.

«Нәтижесінде, республикалық олимпиадаларда жүлделі орын алған ауыл оқушыларының саны 10 есеге жуық өсті. Бұл мыңдаған бала үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Ауыл мектептері оқушыларын зияткерлік олимпиадалар мен байқауларға дайындау мақсатында «Дарын» сырттай мектебі жұмысын бастады. Онда II Республикалық ауыл олимпиадасының мыңға жуық финалисті білімін жетілдірді», – деп атап өтті «Дарын» РҒПО директоры ҒаждембекТұрсынов.

«Дарын» сырттай мектебінде тәжірибелі ұстаздар – республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары дәріс береді. Олар пәндерді тереңдетіп оқытумен қатар, олимпиадаға дайындықтың стратегиялары мен әдістерін үйретеді, сондай-ақ пайдалы ресурстарды тиімді пайдаланудың жолдарын түсіндіреді.

Жалпы, 2024 жылы 27 республикалық және 5 халықаралық оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып, оқушылар халықаралық олимпиадаларға дайындалды. Нәтижесінде, қазақстандық оқушылар әлемдік олимпиадалар мен конкурстарда 563 медаль жеңіп алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#республикалық олимпиадалар #ауыл балалары #жүлделі орындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпір астынан ер адамның мәйіті табылды

Бүгін 15:41

Иранда жаппай наразылықтардан кейін үш адамды өлім жазасына кесті

Бүгін 15:26

Астана 2030 жылғы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын өткізеді

Бүгін 15:12

Елімізде мереке күндері ауа райы қандай болады?

Бүгін 14:25

Алматыда дәрігерлер 25 келі алып ісігі бар науқастың өмірін сақтап қалды

Бүгін 14:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика