AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Республикалық маңызы бар тасжолда 10 адам қаза тап...

Республикалық маңызы бар тасжолда 10 адам қаза тапқан ірі жол апаты болды

Барлығы 26.07.2025, 09:27 537
Республикалық маңызы бар тасжолда 10 адам қаза тапқан ірі жол апаты болды
Сурет: Polisia.kz

24 және 25 шілдеде Жамбыл мен Алматы облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдарда екі ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының мәліметіне сілтеме жасап.

24 шілдеде таңғы 09:40 шамасында Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы Қашқантеңіз станциясы маңында орналасқан "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының 451-шақырымында Toyota Alphard маркалы көлік жүк тиейтін экскаватор көлігімен соқтығысты. Алдын ала мәліметке сәйкес, жүргізуші жылдамдық пен арақашықтықты сақтамаған. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған.

25 шілдеде сағат 10:15-те, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Самсы ауылы маңындағы KAZ-06 автожолының 81+500 шақырымында дәл осы маркадағы көлік трактормен соқтығысты. Жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскеге заңсыз кіріп кеткен көлік жүргізушісі белгіленген жылдамдықты асырғаны және жол ережесін бұзғаны айтылды. Оқиға салдарынан алты адам көз жұмды. Оның бірі жол жұмысшысы болған. Тағы екі адам жарақат алған.

Еске салайық, 5 шілдеде Қарағанды облысы, Ақшатау кенті маңында да қайғылы жол апаты болған еді. Kia Sedona көлігінің жүргізушісі жол ережесін сақтамай, жөндеу жүріп жатқан аумаққа кіріп кетіп, қоршауға соғылған. Соның салдарынан көлік өртеніп, жеті адам оқиға орнында мерт болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#апат #Жол апаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14

Қазақстан және дін: догматтар мен адам құқықтарының үйлесімі

Бүгін 17:09

Сопылық және заманауи қауіпті ағымдар: руханият пен экстремизм арасындағы шекара

Бүгін 17:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика