Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Республикалық айтыс жеңімпаздары анықталды

Республикалық айтыс жеңімпаздары анықталды

Әлеумет 28.12.2022, 03:30 972
Республикалық айтыс жеңімпаздары анықталды
Сурет: Ашық дереккөзі

Бас жүлдені Мейірбек Сұлтанхан иеленді


Астанада «Тәуелсіз елім – тірегім» атты республикалық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Сөз сайысына талай бәйгеде топ жарып, жұртшылықтың ризашылығына бөленіп жүрген Айбек Қалиев, Бекарыс Шойбеков, Төлеген Жаманов, Біржан Байтуов, Рүстем Ақылбеков бастаған 14 ақын қатысты.


Әділ қазылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Жайлыбай, ақын Әсия Беркенова, филология ғылымдарының докторы Қойлыбай Асанов, Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәпұлы мен «Хабар агенттігі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Берік Уәли болды.



«Менің көтерген мәселем Жаңа Қазақстанға байланысты болды. Елде бірқатар өзгеріс орын алды. Осы төңіректе негізгі айтпағым «көп дүниенің атына емес, затына мән берейік» деген тақырыпта өзекті болып тұрған Ұлытау, Жаңаарқа ауданындағы әлеуметтік мәселелерге назар аударайық, жаңғырайық деген ой болды. Өздеріңіз білетіндей, биыл ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы аталып өтіп жатыр. Алаш арысы, әдебиеттің атасы деп айтылғанымен, көсемнің саяси қайраткерлік қырын да көрсетуге тырыстым», – деді Ұлытау облысынан келген ақын Төлеген Жаманов.



Нәтижесінде бас жүлде – 3 миллион теңгені Мейірбек Сұлтанхан иеленді.


I орынды (2 млн теңге жүлде) Бекарыс Шойбеков, II орынды (1,5 млн теңге) Төлеген Жаманов, III орынды (1 млн теңге) Айбек Қалиев, Рүстем Қайыртай, Нұрбол Жауынбай, Нұрмахан Жақыпбек жеңіп алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айтыс #Тәуелсіздік күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика