Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Республика күніне орай су саласының қызметкерлерін...

Республика күніне орай су саласының қызметкерлеріне 20 автокөлік табысталды

Әлеумет 25.10.2024, 17:02 840
Республика күніне орай су саласының қызметкерлеріне 20 автокөлік табысталды
gov.kz

Республика күніне орай еліміздегі бассейндік инспекцияларға 20 автокөлік табысталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Астанада су шаруашылығы саласының қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қатысты.

«Құрметті әріптестер, сіздерді шын жүректен Республика күнімен құттықтаймын. Бұл еліміздің тарихи таңдауын айқындаған Егемендік декларациясы қабылданған күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарапайым еңбек адамының мәртебесін көтеруге ерекше мән беріп келеді. Президент елімізде 2025 жылды жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Су шаруашылығы саласында еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тынымсыз еңбек етіп жүрген он мыңнан астам адам бар. Әрқайсыңызға зор денсаулық, күш-жігер және толайым табыс тілеймін!» - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Мереке қарсаңында су шаруашылығы саласының 34 маманы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың ішінде 8 адам «Құрмет» орденімен, 2 қызметкер ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, 13 маман «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, «Су шаруашылығының ардагері» және «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгілері, сондай-ақ, Су ресурстары және ирригация министрінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаты» табысталды.

Салтанатты жиында сушылар династиясының өкілдері де марапатқа ие болды. Айта кету керек, «Қазсушар» кәсіпорнында 67 сушылар әулеті жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Республика күні #су шаруашылығы #Автокөлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика