AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Республика күні Кәрім Мұтырғановтың бенефисі өтеді

Республика күні Кәрім Мұтырғановтың бенефисі өтеді

Не? Қайда? Қашан? 24.10.2023, 13:44 1,479 Нұржамал Әлішова
Республика күні Кәрім Мұтырғановтың бенефисі өтеді

Ертең Республика күніне орай Алматы төрінде орналасқан Қазақ мемлекеттік циркінде елімізге белгілі цирк артисі Кәрім Мұтырғановтың бенефисі өтеді.


Мерейлі 70 жасқа толып отырған артист 50 жылын цирк өнеріне арнаған. Тәуелсіз Қазақстан даңқын әлемнің 30-дан астам мемлекетіне дәріптеген.


Кейінгі 10 жылда ол цирк аренасына шықпаған болатын. Сондықтан еліміздегі ең танымал цирк әулетінің негізін қалаушы, режиссер, ұстаз, «Мутурганчики» триосының продюсері Кәрім Мұтырғанов үшін ертең мерейлі күн. Ол өзі, ұлы және немересі қатысатын бенефистің жақсы өтетініне сенеді.



— Кәрім Мұтырғанов үшін Алматы циркі өзінің екінші үйі іспетті. Ол өнердегі жолын дәл осы ордада бастаған. Кәрім Мұтырғанов бенефисінде бүкіл әлем көрермендеріне ұнаған ең жақсы репризалары мен ерекше нөмірлерін көрсететін болады. Сондай-ақ шоуға еліміздің әр түрлі қалаларының артистері мен Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері қатысады. Ал бұл өз кезегінде жас мамандардың цирк биігінде жұлдыздай жарқырауына жол ашады деп білемін,  — дейді Мұрат Мұтырғанов.


Осы орайда айта кетсек, Кәрім Мұтырғановтың ұлы Мұрат Мұтырғанов "Рекордтар кітабына" еніп, "Әлемдегі ең жас клоун" дәрежесін иеленген. 


Біз бүгін ертеңгі бенефиске атсалысатын жас артистердің, студенттердің дайындығын тамашаладық. Олардың көзінен өнерге деген құрметті, жасқа тән жалынды көрдік. Кәрім Мұтырғанов ізбасарларына сәттілік тіледі. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Цирк #мереке #Мутырганов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);