ffin.kz

#РЕСПУБЛИКА КҮНІ. Алматыда Республика күніне арналған іс-шаралар жоспары айтылды

#РЕСПУБЛИКА КҮНІ. Алматыда Республика күніне арналған іс-шаралар жоспары айтылды Cурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда Республика күні қалай мерекеленеді?


Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингке қатысқан Алматы қалалық қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков Республика күніне орай қандай шаралар өтетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


 Айдар Есенбеков сөзін Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылғы жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін еске салудан бастады. Заңға сәйкес, 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке болып белгіленді.


Биыл бұл мереке Алматыда кеңінен аталып өтілмек, іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Бұл - әртүрлі салтанатты жиындар, концерттер, мемлекеттік наградалар табысталады, спорттық жарыстар, ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, шығармашылық байқаулар, тақырыптық көрмелер, экологиялық іс-шаралар, жәрмеңкелер және т.б.



 « Іс-шаралардың бір бөлігі өтті, мысалы, 7 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Ал 15 қазан күні Желтоқсан саябағында желтоқсандықтардың, волонтерлердің және «Ассамблея жастары» Алматы қаласы өкілдігі мүшелерінің қатысуымен сенбілік өтті. 1000-нан астам ағаш отырғызылып, саябақтың іргелес аумағына санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді», — деді А.Есенбеков.



Шара қонақтарына қызықты концерттік бағдарлама ұсынылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Тағамдар да әзірленді.
 
15-16 қазанда Ш.Уәлиханов атындағы алаңда Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. 17 қазанда орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «Атамекен» жалпыреспубликалық патриоттық диктант байқауы өтті. Оны жазуға 210 білім беру орындарының студенттері қатысты.


Сонымен қатар, қаланың барлық мұражайлары мен кітапханаларында Республика күні тақырыбына арналған көрмелер ұйымдастырылды. Республика күнін мерекелеу аясында қаланы көрнекі безендіру жұмыстары жүргізілді. Тақырыптық құттықтаулар қаланың LED-экрандары мен билбордтарында орналастырылған.



 «Мереке қарсаңындағы күндері Республика күніне арналған «Туған Қазақстанымды мақтан тұтамын» челленджі басталды. Барлығы 25 бейнеролик дайындалды, онда ҚХА жастарының 25 өкілі қаланың көрікті жерлері фонында елге, қалаға деген патриоттық сезімдерін айтты», - деп жалғастырды А.Есенбеков.



Бүгін, 21 қазанда Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Жастар саясаты және кәсіпкерлік және инвестиция басқармалары демеушілер мен жанашыр жандармен бірлесе отырып, «Жанашыр жүрек» қайырымдылық акциясы басталды.


Сондай-ақ ӨКҚ спикері Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қолдау акциясына Алматы қалалық «Ассамблея Жастары» өкілдері қатысқанын айтты. Ассамблея жастары «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, ардагерлерге азық-түлік пакеттерін жеткізуді ұйымдастырды.
 
Бүгін ҚБТУ залында Республика күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ХІІ шақырылымында сайланған депутаттары, көрнекті ғалымдар мен сарапшылар қатысты.


Алматы қалалық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Найля Мулюкова Республика күніне арналған алдағы шараларға тоқталды.
 
Мәселен, 22 қазан күні сағат 12.00-де ҚБТУ-дың үлкен залында қала әкімінің қатысуымен Алматы қаласының тұрғындарының мемлекеттік наградаларын, алғыс хаттарын тапсыру салтанатты рәсімі жоспарланған. Ал кешкі сағат 17.00-де қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт жоспарланған. Әрбір нөмірде Қазақстан тарихынан сыр шертетін театрландырылған қойылымдар көрсетіледі. Толық концертті 25 қазанда «Алматы» телеарнасынан көруге болады. 



 «25 қазанда сағат 11:30-да «Медеу» СК алаңында мемлекеттік тудың салтанатты көтерілуі өтеді және Қазақстан Республикасының әнұраны жаппай орындалады. Дәл осы күні Астана алаңында жаппай кешкі мерекелер мен мерекелік концерт өтеді», - деді Н.Мулюкова.



Сонымен бірге, Республика күнін мерекелеу аясында қаланың барлық аудандарында салтанатты жиындар, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады, жаппай мерекелік шаралар іс-шаралар,, дөңгелек үстелдер, т.б. өтеді. Республика күнін мерекелеу аясында қалада барлығы 400-ден астам түрлі іс-шара өтеді.


Үлкен іс-шара 25 қазан күні сағат 17:00-де «Астана» алаңында қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтеді. Хедлайнерлердің қатарында Алашұлы, Ұлытау, Мәдина Сәдуақасова, Бүркіт пен Айша, Диная, Луина, Әлішер Кәрімов, Асхат Тарғынов, т.б. бар. Концерт сағат 21.00-ге дейін жалғасады, одан кейін алматылықтар отшашуды тамашалай алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32