Ресейлік әйел 5 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып отырған

Ресейлік әйел 5 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып отырған Cурет: Polisia.kz

64 жастағы әйел 17 жыл бұрын Ресей азаматтығын алған


Қазақстаннан 5 жылдан астам уақыт бойы заңсыз зейнетақы алып келген ресейлік әйел анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон қызметінің мамандары Өскеменде қос азаматтық фактісін анықтады.
64 жастағы әйел 17 жыл бұрын Ресей азаматтығын алған. Алайда Қазақстанда тұрған ол 5 жыл бойы осы елден зейнетақы алып жүрді.



«Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК, яғни 153 150 теңге сомасында айыппұл салынды. Қазіргі уақытта одан қазақстандық құжаттар тәркіленіп, ел азаматтығынан айырылды. Сондай-ақ заңсыз алынған ақшаны қайтару мәселесі қарастырылып жатыр», - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.



Жыл басынан бері өңір аумағында қос азаматтығы бар 35-тен астам адам анықталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21