конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ресейден 40-тан астам шетелдік компания Қазақстанғ...

Ресейден 40-тан астам шетелдік компания Қазақстанға қоныс аударып жатыр

Әлеумет 06.09.2022, 10:29 1,407
Ресейден 40-тан астам шетелдік компания Қазақстанға қоныс аударып жатыр
Сурет: Nikvesti.com

Олардың басым бөлігі - Германия мен АҚШ компаниялары.


Ресейден 40-тан астам шетелдік компания Қазақстанға қоныс аударып жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Елордада өткен Қазақстан-герман бизнес форумы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Алмас Айдаровтың дерегінше, Қазақстан ресейлік нарықтан кетуге ниет танытып отырған 20-дан астам елдің 300 компаниясына қызығушылық танытып отыр. Олардың басым бөлігі Германия мен АҚШ компаниялары әрі негізінен өнеркәсіп, сауда және ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейді.



«Біз қызығушылық танытқан 300 компанияның 50-і бірден көшу жоспарлары жоқтығын, ахуалдың мұнан ары қалай дамитынын күтіп отырғандықтарын айтты. 44 компаниямен уағдаластық бар. Олар қазіргі уақытта кеңселерін немесе қызметкерлері не өндірістерін бізге көшіріп жатыр», - деді министр орынбасары.



Оның айтуынша, ең бірінші болып америкалық Honeywell корпорациясы кеңсесін Ресейден Алматыға көшірді. Басқару және автоматтандырудың электронды жүйесін шығаратын компанияның айналымы бүкіл Қазақстанның ішкі жалпы өнімінен асып түседі.



«Компаниялардың көпшілігі Қазақстанға келе алмайды. Өйткені, экономикамыздың көлемі оларға жеткіліксіз. Бірақ, олардың барлығы үшін Еуразия нарығында қалу қызықтырып отыр. Олар Ресейде жұмыс істей алмайды. Бірақ, еуразиялық нарықта қалуға ниетті. Ал біз үшін олар өндірістерін ашпаса да, тым болмағанда, кеңселерін ашуы өте маңызды», - деді Алмас Айдаров.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #компания #шетел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қытайда «Ұлы дала көшпелілерінің мәдениеті» көрмесі ашылды

Бүгін 20:15

Алматыда үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді

Бүгін 19:11

Өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады: Алматыда 109 байланыс орталығы тәулік бойыжұмыс істейді

Бүгін 19:10

Егер сайлау күні тіркелген жеріңіздеболмасаңыз: есептен шығару куәлігін қалайалуға болады

Бүгін 19:08

Алматыда Әшімов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);