конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ресейде көлік ұрлаған алматылық Қарағандыда ұсталд...

Ресейде көлік ұрлаған алматылық Қарағандыда ұсталды

Заң мен тəртіп 27.08.2021, 19:30 1,582
Ресейде көлік ұрлаған алматылық Қарағандыда ұсталды
Сурет: Gov.kz

Қылмыс: Алматы тұрғыны Ресейден көлік ұрлаған


Ресей Федерациясының Новосібір қаласынан Toyota Camry маркалы автокөлік ұрланғаны туралы ақпарат Павлодар облысының полициясына келіп түскен, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Хабарламаны алғаннан кейін жедел түрде аталған автомашинаның Қазақстан шекарасынан өтіп, Павлодар – Нұр-Сұлтан тас жолымен жүргені анықталған.



«Бағдар дереу осы автожол учаскесінде жол қауіпсіздігін жүзеге асыратын патрульдік полиция ротасының барлық бекеттеріне таратылды. Біраз уақыттан кейін аталған автокөлік Екібастұз ауылдық аймағының Байет ауылы маңындағы Шідерті кенті бағытындағы тас жолда тіркелді. Жүргізуші полиция қызметкерлерінің талабына тоқтамады», – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.



Toyota Camry маркалы автокөлігі Шідерті кентінің жанармай құю станциясында ұсталды. Салонда болған жүргізушінің Алматы қаласының 30 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Ер адамның құжаттары болмай шыққан. Полиция жол ережесін бұзғаны үшін жүргізушіге қатысты бірқатар әкімшілік материалдар қозғалғанын атап өтті.


Автокөлік айып тұрағына қамалды. Шекара маңындағы ынтымақтастық шеңберінде ұстау туралы ақпарат іздестіру бастамашысына хабарланды. Автокөлік пен материалдар Ресей Федерациясы ІІМ әріптестеріне берілетін болады.









Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #ұрлық #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда сайлау күні жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға көлік қызметі көрсетіледі

Бүгін 15:33

Карина Абдуллина қазақстандықтарды Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды

Бүгін 15:30

Роза Рымбаева қазақстандықтарға маңызды күнді еске салды: «Әр дауыстың маңызы бар»

Бүгін 15:26

Ипотека рәсімдеудің қосымша қандай шығындары бар?

Бүгін 15:09

Астанада 21 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

Бүгін 14:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);