Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ресей Қазақстанға 100 мың тонна қант экспорттайды

Ресей Қазақстанға 100 мың тонна қант экспорттайды

Әлеумет 18.05.2024, 11:31 851
Ресей Қазақстанға 100 мың тонна қант экспорттайды
Almaty-akshamy.kz

Ресей Қазақстан үшін қант квотасын жазғы маусымға дейін тағы 100 мың тоннаға арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы 17 мамырда Қазанда (РФ) Қазақстан вице-премьері Серік Жұманғарин мен Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчуктың төрағалығымен өткен кездесуде келісілді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Үкіметтің мәліметінше, 2024 жылғы 3 мамырда Ресей үкіметі осы жылдың 31 тамызына дейін қант шығаруға уақытша тыйым салу туралы қаулы қабылдаған болатын.

Қазақстан үшін 120 мың тонна көлемі қарастырылған. Қоймалардағы және квота шеңберінде бөлінетін қолдағы қордың көлеміне қарамастан, қантты тұтынудың ең жоғары саналатын жаз маусымы қарсаңында қазақстандық тарап екіжақты кездесуде қант жеткізу квотасын тағы 100 мың тоннаға ұлғайту мәселесін көтерді. Алдын ала келісім алынды, енді квотаны ұлғайту мәселе 29 мамырда ЕЭК Кеңесінің отырысында қаралмақ, – дейді ведомство.


Сондай-ақ, кездесуде ағаш материалдарын Ресейден Қазақстанға әкету үшін өткізу пунктерінің санын көбейту мәселесі көтерілді. Қазір Қазақстан-Ресей шекарасында тек 6 өткізу пунктінен шығару рұқсат етіледі. Енді Қазандағы кездесудің қорытындысы бойынша, Ресей тарапы жақын арада тағы 4 автокөлік өткізу пунктін ашуға дайын екенін білдірді.

Тараптар сондай-ақ өзара сауда аясында тасымалданатын көліктер мен жабдықтарға электронды төлқұжат беру мәселелері бойынша уәкілетті құрылымдар арасында өзара іс-қимылды жедел орнатуға келісті. Сонымен қатар Шүлбі МАЭС екінші кезегін салу, Ертіс суларын пайдалану бойынша жоспар құру және басқа да мәселелер талқыланды.

Сол күні Қазанда Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Татарстанның Раисы Рустам Миннихановпен кездесті. Онда қатысушылар Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. Серік Жұманғарин Kazanforum жұмысына қатысып, Қазақстан атынан сөз сөйледі, – делінген хабарламада. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қант #экспорт #баға #сауда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Үлкен Алматы каналын қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді

Бүгін 08:57

Елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз

Бүгін 08:41

Қазақстандық блогер Ильяр Ювашевке іздеу жарияланды

Кеше 17:49

Алматыда көп әйел алуды насихаттаған азаматқа айыппұл салынды

Кеше 17:13

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Кеше 15:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика