AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Реформадан азаматтардың құқығын қорғауға дейін: са...

Реформадан азаматтардың құқығын қорғауға дейін: сарапшы президент жолдауын іске асырудың бес басымдығын атады

Әлеумет Бүгін 11:13 48
Реформадан азаматтардың құқығын қорғауға дейін: сарапшы президент жолдауын іске асырудың бес басымдығын атады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын талқылауға арналған сарапшылар кездесуі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Талқылау барысында құжатта белгіленген міндеттерді іске асыру тетігі, саяси институттар мен азаматтық қоғамның рөлі, заңнаманы жаңарту, экономиканы дамыту мен құқықтық мәдениетті нығайту жағы қаралды.

Талқылауға саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің саясаттану мен әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Сімтіков қатысты.

Өз сөзінде сарапшы мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мемлекеттік органдардың ғана міндеті болмауы керектігін айтты. Алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін саяси институттардың, азаматтық қоғамның, бизнес өкілдері мен әр азаматтың белсенді атсалысуы қажет екенін айтты.

«Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру мемлекеттік органдардың жұмысына ғана емес, саяси институттардың, азаматтық қоғамның, бизнес өкілдері мен әр азаматтың белсенді қатысуына да байланысты», – деді Жомарт Сімтіков.

Профессор өз сөзінде жолдауда көтерілген бастаманы іс жүзінде жүзеге асыруда айрықша маңызға ие бес негізгі бағытқа тоқталды.

Бірінші бағыт – саяси институттар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы.

Сарапшының пікірінше, парламент реформалардың заңнамалық негізін қамтамасыз етіп, қабылданатын заңдардың сапасын бақылауы тиіс. Үкімет экономикалық және әлеуметтік бастамаларды нақты бағдарламалар мен жобаларға айналдыруы қажет. Ал жергілікті өкілді және атқарушы органдар олардың өңірлік деңгейде жүзеге асуына жауапты болуы керек.

Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңестер, сарапшылар қауымдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдары да маңызды рөл атқарады. Олардың қоғамдық бақылауға, мемлекеттік шешімді бағалап, ұсыныс әзірлеуге қатысуы мемлекеттік институттардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға ықпал етпек.

Екінші бағыт – Азаматтық кодексті жаңарту мен құқықтық реттеуді жетілдіру.

Сарапшы цифрлық экономиканың, электрондық сауданың, онлайн қызметтердің, цифрлық активтер мен платформалық бизнестің дамуы азаматтық заңнаманы жаңа қоғамдық және экономикалық қатынастарға бейімдеуді талап ететініне тоқталды.

Атап айтқанда, меншік құқығын, шарттық міндеттемелерді, тұтынушылардың мүддесі мен кәсіпкерлердің заңды құқығын қорғау тетігін жетілдіру қажет. Сондай-ақ электрондық мәмілелердің құқықтық мәртебесін нақтылап, цифрлық ортадағы жауапкершілік мәселесін реттеу керек.

Үшінші бағыт – экономикалық реформалардың халықтың өмір сапасына ықпалы.

Жомарт Сімтіковтің айтуынша, экономикалық саясаттың нәтижесін тек макроэкономикалық көрсеткішпен ғана емес, азаматтардың күнделікті өміріндегі нақты өзгеріспен де бағалау қажет.

«Экономикалық реформалардың басты көрсеткіші жалпы ішкі өнімнің өсуімен ғана шектелмеуі тиіс. Ең маңыздысы – халықтың өмір сапасының жақсаруы, тұрақты жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік мүмкіндіктің кеңеюі», – деп атап өтті профессор.

Оның пікірінше, өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту және жаңа технологияларды енгізу жаңа жұмыс орнын ашуға, халықтың табысын арттырып, өңірлер арасындағы даму алшақтығын азайтуға бағытталуы керек. Бұл ретте жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдау мәселелеріне ерекше назар аудару қажет.

Төртінші бағыт – Жолдау бастамаларын жастар арасында түсіндіру.

Сарапшы жастар мемлекеттік бастамалар туралы ресми ақпарат алып қана қоймай, олардың білім алу, кәсіби даму, жұмысқа орналасып, кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігімен байланысын түсінуі керек екенін айтты.

Осы мақсатта жоғары оқу орындарының алаңдарын белсенді пайдалану, ашық пікірталастар, сарапшылармен кездесулер, жастар форумдары мен тақырыптық конференция ұйымдастыру қажет. Сонымен бірге әлеуметтік желілерді, қысқа бейнематериалдар мен көпшілікке түсінікті сараптамалық жарияланымдарды тиімді пайдалану да маңызды.

«Жастар өзін қоғамдық өзгерістә сырттай бақылаушы ретінде емес, белсенді қатысушы ретінде сезінуі керек. Жастардың мемлекеттік бастамамен танысып қана қоймай, өз ұсынысын білдіруіне, қоғамдық жобаларға қатысып, маңызды мәселелерді талқылауына мүмкіндік беретін жағдай қалыптастыру қажет», – деді Жомарт Сімтіков.

Бесінші бағыт – заң үстемдігін нығайту мен азаматтардың құқығын қорғау.

Профессор бұл бағыт аясында сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарының ашықтығы мен жауапкершілігін арттыру, заң көмегі мен сот төрелігінің қолжетімділігін кеңейту, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелерін негізгі міндет ретінде атады.

Сарапшының айтуынша, құқықтық мемлекеттің тиімділігі қабылданған заңдардың санымен емес, азаматтардың құқығы қаншалықты нақты қорғалатынымен, сот шешімінің орындалуымен, мемлекеттік органдардың заң алдындағы жауапкершілігімен өлшенеді.

Қорытындылай келе, Жомарт Сімтіков аталған бағыттардың өзара тығыз байланысты екенін және мемлекет пен қоғамның үйлесімді әрекетін талап ететінін атап өтті.

«Реформалар қабылданған шешімнің санымен емес, олардың азаматтардың өміріне әкелген нақты оң өзгерістерімен бағалануы тиіс. Сондықтан мемлекет пен қоғам арасындағы сенім, өзара жауапкершілік және ортақ мақсат жолында күш біріктіру шешуші мәнге ие», – деп түйіндеді сарапшы сөзін.

Осылайша, жолдауда белгіленген міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыру заңнаманы жетілдіруден бастап экономиканы дамытуға, азаматтық қоғамның белсенділігін арттырудан құқықтық мәдениетті қалыптастыруға дейінгі кешенді тәсілді талап етеді. Мемлекеттік институттар мен қоғамның бірлескен әрі үйлесімді жұмысы алға қойған мақсатқа қол жеткізудің маңызды алғышарты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Президент жолдауы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үкімет Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын мақұлдады

Бүгін 12:30

Реформаның нәтижесін әр қазақстандық сезінуі керек – алматылық сарапшы

Бүгін 12:07

Алматыда Президент жолдауын іске асырудың тетігі талқыланды

Бүгін 11:42

Әлемдік БАҚ Тоқаевтың цифрлық экономикасы туралы: Қазақстан жасанды интеллект әлеуетін арттырып келеді

Бүгін 11:38

50 жылға шыдайтын көпір: Семейдегі жаңа өткелдің ерекшелігі неде?

Бүгін 11:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);