Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізі...

Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінен өзін тексеру қажеттігі туралы

Референдум Бүгін 11:38 24
Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінен өзін тексеру қажеттігі туралы
Сурет: Gov.kz

Дауыс беру күні 18 жасқа толған ҚазақстанРеспубликасының азаматы 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалықреферендумға қатысуға құқылы, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін тиісті жергілікті атқарушыоргандар нақты дауыс беру учаскесінің аумағындатұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жасайды.

Дауыс беру учаскелеріәкімдердің шешімімен құрылады, олардыңшекаралары бұқаралық ақпарат құралдарындажарияланады.
2026 жылғы 27 ақпаннан бастап әрбір азамат өз учаскесінде тізімдегі деректерін тексере алады.

Тізімді қалыптастыру және нақтылау тәртібі, сондай-ақ тізімнен өзін тексеру кезінде қала тұрғындары нені ескеруі керектігі туралы Алматы қаласы аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова түсіндіреді.
 
– Айгүл Оразқызы, мегаполис тұрғындарыүшін тізімнен өзін алдын ала тексерудің маңызынеде?
– Азаматты тізімге енгізу – референдумғақатысудың міндетті шарты. Негіз ретінде нақтыучаске аумағындағы тұрғылықты жері бойыншатіркеу алынады. Сондықтан өз деректеріңіздіңдұрыс енгізілгеніне алдын ала көз жеткізумаңызды.
 
– Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімі қалай қалыптастырылады?
– Тізімді жеке тұлғалардың мемлекеттікдерекқоры негізінде жергілікті атқарушы органдаржасайды.
Тізім 22 ақпанда учаскелерге берілді. Дайындық жұмысы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан РеспубликасыныңКонституциялық заңына және сайлаузаңнамасының нормаларына сәйкес жүргізіліпжатыр.
 
– Егер тұрғын өзін тізімнен таппаса немесеқателіктер анықтаса, не істеуі керек?
– Жақында бізге сервис арқылы өзін тексереалмаған қала тұрғыны жүгінді. Ол өз мекенжайыбойынша тіркелгеніне сенімді болған, алайдатұрғын үй иесі оны тіркеу есебінен шығарыптастағаны анықталды.
Мұндай жағдайда алдымен egov.kz порталы арқылы мекенжай деректерін тексеру немесе «Азаматтарға арналған үкіметке» жүгіну қажет. Азаматты нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылартізіміне енгізудің негізі – оның осы учаскеаумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелуі. Тіркеу болмаған, алайда қалада тұрақты тұратынжағдайда, оны ресімдеу шараларын дереу жүргізуқажет.
Заңға сәйкес азамат өзін тізімге енгізу немесе деректерін нақтылау туралы учаскелік референдум комиссиясына өтініш беруге құқылы. Комиссия өтінішті қарайды және негіздемелер расталғанжағдайда тиісті өзгерістер енгізеді.
Сонымен қатар, Алматы қаласында тұрғындарға қолайлы болу үшін өз учаскесін және референдумға қатысушылар тізімінде бар-жоғын тексеруге арналған бірнеше сервис жұмыс істейді. Мұны https://electorat.almaty.kz/ сайты арқылы, @almaty_referendum2026_bot Telegram-боты арқылы немесе 1308 нөміріне қоңырау шалу арқылы жасауға болады.
 
– Қай күннен бастап учаскеге келіп, тізімненөзін тексеруге болады?
– Тізіммен танысу дауыс беру күніне 15 күнқалғанда, яғни 2026 жылғы 27 ақпаннан басталады. Осы күннен бастап әрбір азамат өз учаскеліккомиссиясына жүгініп, деректерін тексере алады.
Алматы тұрғындарын бұл мүмкіндікті уақытылы пайдалануға шақырамыз. Бұл – референдумға қатысу жөніндегі конституциялыққұқығыңызды тыныш әрі сенімді түрде жүзегеасыруға мүмкіндік беретін қарапайым қадам.
 
 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ жаңа конституцияның жобасын азаматтарға түсіндіріп жатыр: Алматыда құқық реформасындағы университеттердің рөлі туралы айтылды

Бүгін 12:49

ҚазҰУ-дың Конституция жөніндегі оқу құралы: құқықтар, бостандықтар мен Алматыдағы референдум жайлы

Бүгін 12:42

Алматыда жаңа конституция жобасын түсіндіретін оқу құралының электронды нұсқасы шығады

Бүгін 12:38

Алматыда ҚазҰУ проректоры Еркін Дүйсенов жаңа конституцияның ең көп талқыланған тұсы туралы айтты

Бүгін 12:32

Балалар саясаты 2030 жылға дейін жүйелі түрде жаңғыртылады

Бүгін 12:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі