AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум - 2022 / Референдумда ең бірінші болып дауыс берген кім?

Референдумда ең бірінші болып дауыс берген кім?

Референдум - 2022 05.06.2022, 02:39 1,388
Референдумда ең бірінші болып дауыс берген кім?
Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Референдумда дауыс берген алғашқы қазақстандық - Токио қаласындағы жақында 18 жасқа толған жас сайлаушы Алижан Салиев.


Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, шетелде алғашқы болып Жапония мен Корея Республикасындағы дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ведомство мәліметінше, Жапония мен Корея Республикасында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумда өздерінің дауыс беру конституциялық құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды.


Токио қаласындағы №261 учаске жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 4:00-де) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін өз есігін ашты. Алғашқы минуттардан бастап қазақстандықтар өздерінің «Жаңа Қазақстанды» құруға қатысуға азаматтық құқықтарын іске асыру үшін айтарлықтай белсенділік танытып жатыр.


Референдумда дауыс берген алғашқы қазақстандық - Токио қаласындағы жақында 18 жасқа толған жас сайлаушы Алижан Салиев. Бұл оның алғашқы сайлауы.



«Мен жақында 18 жасқа толдым және осындай тарихи оқиғаға алғаш рет қатысу мен үшін өте қызықты. Оған қоса бұл үлкен жауапкершілік, өйткені менің дауысым да Конституцияны жаңартуда ескерілетін болады. Мен Қазақстанның Жапония сияқты дамыған елге айналғанын қалаймын», - деді Алижан.



Қазақстандықтар Токиоға Жапонияның әр түкпірінен, соның ішінде Хиросима, Осака және Киото сияқты алыс префектуралардан да дауыс беруге келіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум #СІМ #дауыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);