Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Референдумда азаматтарды учаскелерінің мекенжайлар...

Референдумда азаматтарды учаскелерінің мекенжайлары бойынша тіркеу алгоритмі

АЭС: Референдум 03.10.2024, 09:50 964
Референдумда азаматтарды учаскелерінің мекенжайлары бойынша тіркеу алгоритмі
gov.kz
 

1. Референдум учаскесінің шекарасындағы референдумға қатысушылар тізімдерінен өзін таппаған азамат дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін бере отырып, референдумға қатысушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен учаскелік референдум комиссиясына жүгінеді.

2. Учаскелік референдум комиссиясының мүшесі азаматтың жазбаша өтініші негізінде «электрондық үкімет» порталының онлайн-сервисі (бұдан әрі – онлайн-сервис) арқылы оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді «2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумда «электрондық үкімет» порталында азаматтарды тіркелген жері бойынша мәліметтерді тексеру онлайн-сервисін іске асыру» алгоритміне сәйкес тексереді.

2.1 Онлайн-сервис бетінде өтініш берушінің тиісті референдум учаскесінің шекарасындағы аумақта тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелгені туралы мәліметтер расталған кезде, учаскелік референдум комиссиясы оны референдумға қатысушылар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды. 

2.2 Референдумның тиісті учаскесінің шекараларында тіркелгені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, учаскелік референдум комиссиясы азаматтың өтініші негізінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша азаматтың тіркелгені (тіркелмегені) туралы мәліметтерді «E-gov» порталында нақтылайды.

2.3 Азаматтың Қазақстан Республикасының шегінде басқа референдум учаскесінде тіркелгені туралы мәліметтер болған жағдайда, учаскелік референдум комиссиясы азаматқа бұл туралы түсініктеме береді. 

3. Азаматтың Қазақстан Республикасының шегіндегі басқа референдум учаскесінде тіркелгені туралы және азаматтың Қазақстан Республикасының шегінде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, учаскелік референдум комиссиясы азаматты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 677 бұйрығымен бекітілген Халықты тіркеу ережелерінің 17-тармағына сәйкес қосымша тексеру және тіркеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ХҚКО) қызметкеріне жібереді.

4. ХҚКО қызметкері бүкіл Қазақстан Республикасының аумағы бойынша азаматтың тіркелгені (тіркелмегені) туралы мәліметтерге азаматтың өтініші негізінде тексеру жүргізеді.

5. Азамат басқа өңірдің құрамына кіретін әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тіркелген жағдайда, ХҚКО қызметкері азаматқа ол туралы түсініктеме береді және тіркеуден бас тартады.

6. Егер азамат Республика шегінде тұрақты тіркелген болмаса және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша референдумға қатысушылардың тізіміне енгізілмеген жағдайда, ХҚКО қызметкері Қағидаларға сәйкес осы алгоритмге 1-қосымшаға сай ғимарат немесе үй-жай меншік иесінің өтініші негізінде референдумның белгілі бір учаскесінің мекенжайы бойынша референдумға қатысушыны тұрақты тіркеуді жүзеге асырады.

7. Тіркелгеннен кейін азамат онлайн-сервис арқылы тіркеудің бар-жоғын қайта тексеру үшін учаскелік референдум комиссиясының мүшелеріне жіберіледі.

8. Референдум учаскесінің мекенжайы бойынша азаматты тіркеудің бар екендігі сәтті расталған кезде учаскелік референдум комиссиясының төрағасы оны референдумға қатысушылар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды.

9. Референдум аяқталғаннан кейін келесі күні ХҚКО қызметкері ғимараттың немесе үй-жайдың меншік иесінің өтінішхаты негізінде референдум учаскелерінің мекенжайлары бойынша бұрын тіркелген азаматтарды осы алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес тіркеуден шығарады.

10. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда дербес деректерге заңсыз қол жеткізуге байланысты ақпараттық қауіпсіздік инциденттері туралы учаскелік референдум комиссияларының мүшелері дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етуі қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #референдум #Алгоритм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Бүгін 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Бүгін 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Бүгін 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Бүгін 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Бүгін 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика