Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Рамазан – Құран түскен ай

Рамазан – Құран түскен ай

Әлеумет 07.04.2022, 04:47 1,235
Рамазан – Құран түскен ай
islamicity.org

Рамазан – Құран түскен қасиетті ай. Бұл айда ораза ұстағандарға сансыз сауап сыйланып, дұға-тілектері қабыл болады. Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Шынында, Алла Тағаланың алдында сондай адамдар бар: Алла оларды Рамазанның әрбір күндізі мен түнінде оттан босатады және, шынында, әрбір мұсылман Рамазанның түнінде де, күндізінде де өзінің дұғасына жауап алып отырады».



Рамазан – Құран түскен қасиетті ай. Бұл айда ораза ұстағандарға сансыз сауап сыйланып, дұға-тілектері қабыл болады. Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Шынында, Алла Тағаланың алдында сондай адамдар бар: Алла оларды Рамазанның әрбір күндізі мен түнінде оттан босатады және, шынында, әрбір мұсылман Рамазанның түнінде де, күндізінде де өзінің дұғасына жауап алып отырады».



Тағы да қайталап айтайық, Рамазан айы – Құран айы! Бұл мүбәрак айда Алла Тағаланың күллі адамзатқа жіберген соңғы кітабы – Құран Кәрім түскендіктен, мүминдер осы айда қасиетті кітапты көбірек оқып, мағыналарын зерделеп, амалдар қолдануы ләзім.


Негізі оразаны адамзатқа берілген зор мүмкіндік деп айтуға болады. Күнәлардан құлан-таза айығуға, жақсылыққа өзгеруге, нәпсіні тәрбиелеуге, тақуалыққа жетуге, зор табысқа ие болуға, сұрағаны берілуге, таусылмайтын нығметтер мен мәңгілік бақытқа бөленуге берілген ерекше мүмкіндік.



Ораза – нағыз сабырлылар мен ұстамдылардың, Раббысының разылығы мен шын бақытты іздеушілердің сыналар шағы бұл. Бұл ретте біз бірнәрсені ұмытпауымыз керек. Қиындық күшейген сайын оның сауабы да еселеніп беріледі. Мәселен, Алла Елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Айша анамызға қоштасу қажылығында: «Сауабың шаршағаныңа байланысты», – деген. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қатты суықта толық дәрет алған адамға екі есе көп сауап берілетінін айтқан болатын. Онымен қоса, Құранды қатесіз, көркем оқушыға Құранның әр әрпі үшін он сауап жазылса, ал қиналып, дұрыс оқыған адамға жиырма сауап жазылады.



Тағы бір айта кетер мәселе, біз ораза дегенде тек дененің оразасын ойламауымыз керек. Ораза денемен қатар рухани жағынан да тыйылуды көздейді. Жемек-ішпектен аулақ болып, аузына, көзіне, тіліне, құлағына ораза ұстатпаған адамның оразасы толық болмайды. Ондай адам тек аш тұрғанмен тең болады. Алайда, оразадағы мақсат – денеге һәм рухқа ораза ұстату, ғайбаттан, харамға қараудан, харамды естуден, өтірік айтудан, жаман сөздер айтудан, жала жабудан тыйылу. Сол себепті, Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Өтірік айтуды надандық кезіндегідей тастамаған ораза ұстаушының ішіп-жеуді тастауына Алла Тағаланың мұқтаждығы жоқ!» – деген. Сондықтан бұған өте ұқыптылықпен, сақтықпен қарағанымыз жөн.


Қасиетті Құранда былай деп айтылады:



«Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім Рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла сендерге оңайлық қалайды, ауырлық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар әрі Алланы ұлықтаңдар!» (Бақара сүресі, 185-аят).



Ал егер кімде-кім Рамазанда әдейі ешқандай себепсіз оразасын бұзса, оған кәффарат ретінде бір құлды немесе күңді азат етуі, егер оған шамасы жетпесе, екі ай қатарынан ораза ұстауы, егер бұған да күші жетпесе, алпыс жоқ-жітікті тамақтандыруы тиіс. Құранда бұл жайлы былай делінеді:



«Бастаған ізгі істеріңді бұзбаңдар». Пайғамбарымыз былай дейді: «Кімде-кім Рамазанда оразасын бұзса, оған зиһар жасаған адамға тиісті (кәффарат) жүктеледі».


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Рмазан #Құран #мұсылман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика