AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Райымбек батыр кесенесінің маңында заманауи мәдени...

Райымбек батыр кесенесінің маңында заманауи мәдени кеңістік салынады

Әлеумет 08.10.2025, 21:51 1,105
Райымбек батыр кесенесінің маңында заманауи мәдени кеңістік салынады
Алматы қаласы әкімдігі

Алматыдағы Райымбек батыр кесенесі аумағында абаттандыру мен құрылыс жұмыстары басталды. Жоба аясында тарихи нысанның айналасы жаңартылып, осы заманғы музей кешені салынады. Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков осылай деп хабарлады. 

Оның айтуы бойынша, жобаның басты мақсаты – кесене аумағын киелі әрі тартымды мәдени орталыққа айналдыру, қала тұрғындары мен қонақтарына тарихи тұлғаның ерлігін дәріптейтін жаңа кеңістік ұсыну. 

«Құрылыс жұмыстары барысында кесене маңы толық абаттанып, екі жаңа ғимарат салынады. Оның бірі – екі қабатты музей ғимараты. Бірінші қабатта мультимедиалық экспозициялар орналасса, екінші қабатта қазақ батырларына арналған тарихи зал ашылады. Музей замандық VR және AR технологияларымен жабдықталады» - деп атап өтті спикер. 

Музейлендіру жұмыстары 2026 жылдың ақпан айында басталып, мамыр айында толық аяқталады деп жоспарланған. Бұл жоба Алматының тарихи және туристік әлеуетін арттыруға, ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, келушілерге Райымбек батырдың ерлік рухын жаңа форматта таныстыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Райымбек батыр #музей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Түрксіб ауданында тағы бір демалыс аймағы пайда болды

Бүгін 12:40

Отшашуға тыйым салынады

Бүгін 12:12

Алматыда Esentai Mall маңындағы әл-Фараби даңғылында қозғалыс сызбасы өзгереді

Бүгін 11:40

Алматылықтарға жылыту маусымына дайындалуға көмектесті

Бүгін 11:16

Қазақстан пойыздары интернетпен қамтылады

Бүгін 11:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);