AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Радикалды экстремизмнің жасырын қауіптері талқылан...

Радикалды экстремизмнің жасырын қауіптері талқыланды

Барлығы 12.07.2025, 10:15 549 dulatbekova
Радикалды экстремизмнің жасырын қауіптері талқыланды
Сурет: Stan.kz

Қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі - радикалды экстремизм мен санаға әсер ету арқылы манипуляция жасау қаупі.

Бұл туралы Алматыда  өткен жиында Мемлекеттік органдардың қызметкерлері талқылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Іс-шараны ұйымдастырушы - Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы. Орталық мамандарының пікірінше, бүгінде ақпараттық және психологиялық иммунитетті нығайту - аса маңызды, әсіресе мақсатшыл әрі ынталы мемлекеттік қызметшілердің арасында, себебі олар әсерге бейім топтардың бірі саналады.

Кездесуде негізгі баяндама жасаған орталық бөлімінің басшысы Сәдуақасов Қанат діни ағым ретінде көрінетін кейбір топтардың шын мәнінде адамдардың еркіндігі мен санасын бағындыруды көздейтінін атап өтті. Мұндай топтар әсіресе интернетте белсенді әрекет етеді - «ұстаз» бейнесін жамылған радикалды тұлғалар сенімге кіріп, эмоция мен білімнің жетіспеушілігін шебер пайдаланады.

Диалог барысында қатысушылар:

– идеологиялық үгіт-насихаттың белгілерін қалай тануға болатынын;

– сыни ойлаудың маңызын;

– заманауи цифрлық технологиялардың экстремистік идеологияны таратудағы рөлін білді.

Мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері ашық әрі пайдалы кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді. Радикалды идеялар тез таралатын қазіргі уақытта мұндай іс-шаралар алдын алу жұмысының маңызды бөлігіне айналып отыр және азаматтық иммунитетті қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #радикалды экстремизм #жасырын қауіп #Талқылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Кеше 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Кеше 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Кеше 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Кеше 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика