AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Рабиға Сыздық көшесінің бір бөлігінде қозғалыс 2,5...

Рабиға Сыздық көшесінің бір бөлігінде қозғалыс 2,5 айға шектеледі

Алматы 20.05.2026, 17:50 421
Рабиға Сыздық көшесінің бір бөлігінде қозғалыс 2,5 айға шектеледі

Алматыда 30 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан жылу желілерін жаңарту жұмыстарына байланысты Рабиға Сыздық көшесінің бір бөлігінде қозғалыс 2,5 айға шектеледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматының Әуезов ауданында 1991 жылы пайдалануға берілген ұзындығы шамамен 300 метр болатын жылу трассасын жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС өкілдері хабарлады.

Осыған байланысты Мамыр шағынауданындағы Рабиға Сыздық көшесінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі:

2026 жылы 21 мамыр мен 31 шілде аралығында — Мамыр-2 шағынауданындағы №12 үйден бастап аула аумағы арқылы Мамыр-3 шағынауданындағы №25 үйге дейінгі аралықта;

2026 жылы 26 мамыр мен 31 шілде аралығында — Бауыржан Момышұлы көшесінен Мамыр-1 шағынауданындағы №12 үйге дейінгі учаскеде.

Аталған кезеңде көлік қозғалысы екі бағытта да шектеледі. Бұл жол астындағы құбыр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында қолға алынған. Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Қайта жаңарту жұмыстары барысында тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.

Аталған жылу желісі 160 көпқабатты тұрғын үйді, 3 балабақшаны, 5 мектепті, 1 денсаулық сақтау мекемесін және 26 өзге де нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жылу желілері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Атырау экологиясына қатысты мәселелерді жедел шешуді тапсырды

Кеше 21:31

Алматының Бостандық ауданын көркейтуге 3 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылды

Кеше 19:46

Бостандық ауданында жаңа скверлер мен жүргіншілер аллеялары салынып жатыр

Кеше 19:44

Бизнес, зауыттар мен тұрғын үй саны артты: Қазақстан жеті жылда қалай өзгерді?

Кеше 19:28

Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысты

Кеше 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);