AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қызылордада жасөспірімдер арасында жанжал шықты: о...

Қызылордада жасөспірімдер арасында жанжал шықты: оқушы пышақ жарақатын алды

Заң мен тəртіп 08.10.2025, 10:13 768
Қызылордада жасөспірімдер арасында жанжал шықты: оқушы пышақ жарақатын алды
depositphotos.com
 

Қызылордада жасөспірімдер арасындағы дау ауыр жарақатқа ұласты. Қаладағы №267 мектептің 15 жастағы оқушысын пышақтап кеткен. Оқиға күндізгі уақытта, яғни сабақтан тыс мезгілде болған, - деп хабаралайды aqshamnews.kz тілшісі Информбюро 31-ге сілтеме жасап. 

Куәгерлердің айтуынша, жоғары сынып оқушысы мен колледж студенті арасында сөзге келіспеушілік туындап, артынша жанжал төбелеске ұласқан. Сол сәтте тараптардың бірі екіншісіне суық қару қолданған. Осылайша мектеп оқушысы іш және кеуде тұсынан жарақат алған. Дәрігерлер зардап шеккен жасөспірімнің жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Қазір ол қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Ал күдікті көп ұзамай полиция қызметкерлерімен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қызылорда облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Серік Тоқтыбаевтың айтуынша, оқиға бойынша Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 1-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамға қасақана ауыр дене жарақатын салу" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды", – деді Серік Тоқтыбаев.

Мектеп әкімшілігі болса, оқиға сабақтан тыс уақытта болғанын айтып, бұл жағдайдың білім ордасына қатысы жоқ екенін жеткізді. Құқық қорғау органдары ата-аналар мен ұстаздарды балалардың мінез-құлқына, ортасына және әлеуметтік желідегі белсенділігіне көбірек назар аударуға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қызылорда #жасөспірім #ауыр жарақат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала күні: «Әнім сенсің, Алматы!» атты мерекелік концерті өтті

Бүгін 20:06

ҮШІНШІ АЛТЫН! ЖОЛАМАН БИГАБЫЛ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Бүгін 17:46

ALMA-FEST CIRCUS – Алматы күніне арналған үш күндік цирк мерекесі

Бүгін 17:42

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ҚАЗАҚСТАНҒА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:30

РИНАТА СҰЛТАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);