конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Қызылорда-Шымкент» ақылы тас жолы ыстыққа шыдамай...

«Қызылорда-Шымкент» ақылы тас жолы ыстыққа шыдамай жарылып кетті

Әлеумет 09.06.2022, 09:02 1,127
«Қызылорда-Шымкент» ақылы тас жолы ыстыққа шыдамай жарылып кетті
Сурет: Tuk.md

Жолдың бір бөлігі «ісіп» және көтеріліп, жарықтар пайда болған.


Қазақстандықтар әлеуметтік желіде еліміздің Дүниежүзілік банктен алған несиесіне салынған «Қызылорда-Шымкент» ақылы жолының видеосын таратып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап. 


Жолдың бір бөлігі «ісіп» және көтеріліп, жарықтар пайда болған. Мұның бәрі қозғалысқа кедергі келтіріп, тіпті жүргізушілердің қауіпсіздігіне қауіп төндірген.


«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 8 маусымда  сағат 17.00 шамасында Түркістан облысындағы Төрткөл ауылы маңындағы Қызылорда-Шымкент ақылы жол учаскесінде ауа температурасының жоғарылауына (+40-45 С) байланысты жолдың цементті бетон тақтасы көтеріліп кеткен. 



«Жолдың көтеріліп кеткен бөлігі алынып тасталды. Мердігер «ШымкентЖолҚұрылыс» ЖШС қиыршықтас-құм төсеп, асфальт жабындысын жауып, жолды уақытша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Жол жөндеу жұмыстарына 10 адам мен 5 техника (3 самосвал, 1 тиегіш, 1 гидравликалық балға) жұмылдырылды», - делінген хабарламада.



Жолдың аталған бөлігіне жылдамдықты шектеу, жол бөлігінің тарылуы сияқты ескерту белгілері орнатылды. Жол учаскесіне Түркістан облысы ПД патрульдік көліктері қойылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #ыстық #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жарты жыл ішінде сүт безі обырының 200-ден астам жағдайы анықталды

Бүгін 11:05

Алматының Наурызбай ауданында үш жаңа медициналық нысан салынып жатыр

Бүгін 11:00

Алматыда көшкін қаупі жоғары тоғыз учаске нығайтылды

Бүгін 09:12

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

Кеше 17:16

«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды

Кеше 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);