ffin.kz

Қызылорда облысында АЭС салу бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Қызылорда облысында АЭС салу бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде aes2024.kz
 

Атом электр станциясын салу жөніндегі референдум қарсаңында өңірлерде түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткен кездесуде сала мамандары жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесуде Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің деканы, қауымдастырылған профессор, PhD докторы, ҚР құрметті энергетигі Айбек Ақаев АЭС салудың маңызын түсіндірді.

«Елімізде қазіргі уақытта электр энергиясының тапшылығы байқалуда. Болашақта жаңа зауыттар мен фабрикалардың ашылуы бұл жағдайды одан әрі күрделендіруі мүмкін. АЭС салу - тұрақты әрі үздіксіз электр энергиясын өндірудің тиімді жолы. Бұл алдағы энергетикалық қиындықтарды шешудің маңызды қадамы», – деді Айбек Ақаев.

Халықтық штаб мүшесі Нұриддин Әмитов болашақ ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін бұл мәселеге бейжай қарамауға шақырды. Оның айтуынша, АЭС салу – тек бүгінгі күннің емес, болашақтың игілігіне бағытталған шешім.

Серік Дүйсенбаев, Жорабек Нұрымбетов және Нұриддин Әмитовтен құралған Халықтық штаб мүшелері Жаңақорған және М.Нәлібаев ауылдарында болып, жергілікті тұрғындармен пікір алмасты. Онда Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған экономикалық реформалар мен АЭС салудың стратегиялық маңызы жан-жақты талқыланды.

«Бүгінгі таңда жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде кеңінен қолданысқа енуде. Қазақстан - уран қоры бойынша әлемдегі жетекші мемлекеттердің бірі. Осы артықшылықтарымызды пайдалана отырып, атом энергетикасын дамыту экономикалық тиімділікті арттырады және климаттың өзгеруімен күресудің тиімді жолы болып табылады», – деп түсіндірді Серік Дүйсенбаев.

Жорабек Нұрымбетов бұл шешімдердің еліміздің энергетикалық саясатына ғана емес, экологияға да оң әсер ететінін атап өтті.

Шиелі ауданында өткен кездесулерде Бестам ауылының тұрғындары және денсаулық сақтау саласының өкілдері АЭС құрылысының маңыздылығын талқылады. Халықтық штаб мүшесі Жорабек Нұрымбетов алдағы онжылдықта энергетика саласында жағдай күрделене түсетінін айтты.

«Энергияға деген сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Табиғи өсім мен экономиканың дамуымен бірге бұл қажеттілік одан әрі өсуде. Сондықтан АЭС – ұзақ мерзімді тұрақты энергия көзі ретінде маңызды жоба», – деді Жорабек Нұрымбетов.

Серік Дүйсенбаев АЭС жобасының іске асырылуы электр энергиясының құнын төмендетуге және экологиялық таза энергия өндіруге ықпал ететінін айтты.

Денсаулық сақтау саласының мамандары Президенттің әрбір бастамасы қоғамның және елдің игілігі үшін жасалып отырғанын жеткізді. Медициналық мекемелер заманауи қондырғылармен жабдықталғандықтан, электр энергиясына тәуелді екенін айтып, АЭС салуды қолдайтындарын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58