AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / QYZPU ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫМЕН СЕРІКТЕСТІК...

QYZPU ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫМЕН СЕРІКТЕСТІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Әлеумет 31.01.2025, 11:30 723 Nursok82
QYZPU ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫМЕН СЕРІКТЕСТІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Almaty-akshamy.kz

Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен  Қазақстан шахмат федерациясы арасында  серіктестік туралы келісімшартқа  қол қойылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Құжатты Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Гүлмира Қанай мен Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дармен Канатович Садвакасов бекітті.

Келісімшарт аясында Қазақстан шахмат федерациясының әдіскерлері мен университет оқытушылары бірлесіп әзірлеген «Шахмат бойынша педагог» Minor бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Бұл бірегей бағдарлама балалар мен жастарды шахматқа тиімді үйрете алатын жоғары білікті педагогтер даярлауға мүмкіндік береді.

Шахматтың бастауыш сыныптан бастап оқу үдерісіне енгізілуі білім алушылардың логикалық ойлауын, стратегиялық жоспарлау дағдыларын, жағдайды талдау және дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

«Бүгін Қазақ шахмат федерациясы мен QyzPU арасында серіктестік туралы келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарт аясында бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отырмыз. Ең алдымен, осы университет базасында әдістемелік орталық ашуды қалаймыз. Бұл – біздің федерациямызға шахматтық білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға көмектеседі. Ата-аналар мен шахматтың зияткерлік қабілетті дамытатынын түсінетін жандар тарапынан үлкен сұраныс бар. Сол себепті осындай ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Осыған байланысты мұғалімдерді даярлау мәселесі туындайды. Біз QyzPU-дың Қазақстандағы педагогикалық білім беру саласындағы флагманға айналғанын қалаймыз. Мұнда әдістемелік орталық құрып, мектептеріміз үшін мұғалімдер даярлауды бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар алдағы уақытта педагогикалық университеттердің түлектері бастауыш сынып мұғалімі дипломымен қатар «Шахмат педагогы» сертификатын да алады. Бұл сертификат бастауыш білім беру мұғалімдеріне мектептерде «Шахмат» пәнін вариативтік пән ретінде жүргізуге мүмкіндік береді. Тағы бір маңызды мәселе – арнайы алаң құру. Біз университет аумағында Kaz Chess Lab орталығын осы жылдың күзіне дейін ашу туралы келісімге келдік. Бұл орталықта мамандар жұмыс істеп, студенттер шахмат ойнайды, сондай-ақ әдістемелік бөлім болады – яғни, мамандар бағдарламаларды әзірлеп, оларды түзетіп, орындалуын қадағалайды. Осылайша, біз бірлескен ауқымды жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», – деді Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дармен Канатович Садвакасов.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Қазақстан шахмат федерациясының бірлескен жұмысы балалар мен жастарға шахмат үйретудің сапасын арттыруға бағытталған. Бұл бастама білім беру жүйесінің жаңа деңгейге көтерілуіне және шахматтың ел ішінде кеңінен танымал болуына өз септігін тигізері сөзсіз.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат #Меморандум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);