Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / QyzPU жаһандық Times Higher Education Impact Ranki...

QyzPU жаһандық Times Higher Education Impact Rankings 2025 рейтингіне енді

Барлығы 19.06.2025, 16:16 963
QyzPU жаһандық Times Higher Education Impact Rankings 2025 рейтингіне енді
Cурет: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті әлемдік беделге ие Times Higher Education Impact Rankings 2025 жаһандық рейтингіне үшінші жыл қатарынан енді.

Бұл рейтинг – жоғары оқу орындарының Біріккен Ұлттар Ұйымының 17 Тұрақты даму мақсатына қосқан үлесін бағалайтын маңызды көрсеткіш, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Университеттің бұл тізімге енуі – білім беру, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік жауапкершілік салаларындағы жетістіктерінің халықаралық деңгейде мойындалғанының  айғағы.

2025 жылғы рейтингке әлемнің 2526 жоғары оқу орны қатысып, университеттер арасындағы бәсекелестік айтарлықтай артты (салыстыру үшін: 2024 жылы – 1963 ЖОО). Университеттер арасындағы бәсекелестік күшейгеніне қарамастан, QyzPU 1501+ деңгейіндегі орнын сақтап қалды. Бұл — оқу орнының ұзақмерзімді стратегиялық даму жоспарының тиімділігін және тұрақтылыққа бағытталған қадамдарының нәтижелілігін айғақтайды.

Университет БҰҰ-ның барлық 17 Тұрақты даму мақсаты бойынша бағаланып, келесі нәтижелерге қол жеткізді: кедейлікті жою – 1001+ орын, аштықты жою – 801+ орын, жақсы денсаулық пен әл-ауқат – 1001–1500 орын, сапалы білім беру – 1001–1500 орын, гендерлік теңдік – 301–400 орын, таза су және санитария – 801–1000 орын, қымбат емес және таза энергия – 1001+ орын, лайықты жұмыс және экономикалық өсу – 1001+ орын, индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым – 1001+ орын, теңсіздікті азайту – 801–1000 орын, тұрақты қалалар және елді мекендер – 801–1000 орын, жауапты тұтыну және өндіріс – 801+ орын, климаттың өзгеруімен күрес – 1001+ орын, теңіз экожүйелерін сақтау – 601+ орын, құрлықтағы тіршілік – 601–800 орын, бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар – 1001+ орын, тұрақты даму үшін серіктестік – 1501+ орын.

QyzPU тұрақты даму саласындағы бастамаларды жүзеге асыруда және әлеуметтік әділеттілік пен экологиялық тұрақтылықты ілгерілетуде белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Университеттің ғылыми-зерттеу қызметі мен білім беру бағдарламалары осы маңызды бағыттарды қамти отырып, қоғамның орнықты дамуына маңызды үлес қосуда.

Айта кетейік, Times Higher Education Impact Rankings – жоғары оқу орындарының жаһандық деңгейде ТДМ-ға қол жеткізуге қосқан үлесін кешенді түрде бағалайтын халықаралық рейтинг. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аталмыш рейтингке енуі – университет ұжымының ерен еңбегінің жарқын көрінісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #QyzPU #Times Higher Education Impact Rankings #рейтинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика