конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қыздардың арасында Құранды жатқа оқудан байқау өте...

Қыздардың арасында Құранды жатқа оқудан байқау өтеді

Өмір-өзен 04.03.2022, 14:40 1,693
Қыздардың арасында Құранды жатқа оқудан байқау өтеді
Сурет: islam.ru

Мұндай байқау алғаш рет 2016 жылы Алматы қаласында өткізілген.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасында ІІ республикалық байқау өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алла Тағала Құран Кәрімде игілікте жарысуды бұйырған болатын. Яғни Алланың кәламын жаттау мен оқу арқылы жарысуға үндеді. Хақ Тағаланың осы үндеуін орындау мақсатында, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2016 жылы Алматы қаласында Құранды жатқа оқудан қыздар арасында тұңғыш республикалық байқау өткізген болатын. Енді міне, екінші байқау 9-10 наурыз аралығында ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі.


 Үміткер қыздарға қойылатын талаптар:


– үміткердің Қазақстанның азаматы болуы міндетті;


– үміткердің жасы 30-дан аспаған болуы қажет;


– үміткер бір номинацияға ғана қатыса алады;


– әр номинацияда талап етілетін параларды толық жаттауы тиіс;


– жарысқа қатысушының жаттаған паралары толық болуы керек, яғни екі жерден жарты-жарты параны біріктіріп ұсынуға болмайды;


– жарысқа қатысу құжаттарын ұйымдастырушылар белгілеген мерзімде тапсыруы керек;


– үміткер өз облысындағы ҚМДБ өкілдігінің жолдамасымен келуі шарт;


– әр облыстан бір номинацияға бір үміткер ұсынылады (барлығы 4 үміткер);


– Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша республикалық жарыстардың жүлдегерлері жарысқа қатыса алмайды.


 Байқаудың номинациялары:


 



  1. Құранды толық жатқа оқу


1-орын (1 300 000 теңге)


2-орын (1 000 000 теңге)


3-орын (700 000 теңге)


 



  1. Құранның 20 парасын жатқа оқу


1-орын (800 000 теңге)


2-орын (600 000 теңге)


3-орын (500 000 теңге)


 



  1. Құранның 10 парасын жатқа оқу


1-орын (500 000 теңге)


2-орын (300 000 теңге)


3-орын (200 000 теңге)


 



  1. Құранның 5 парасын жатқа оқу


1-орын (300 000 теңге)


2-орын (200 000 теңге)


3-орын (100 000 теңге)


 


Жалпы жүлде қоры: 6 500 000 теңге

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құран #қари #ҚМДБ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркі әлемі апталығы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Бірінші Түркологиялық съезд» атты іргелі монографияның тұсаукесерін өткізді

Бүгін 16:41

Қазақстандықтардың 17 млрд теңгеден астам айыппұлы кешіріледі – Тоқаев заңға қол қойды

Бүгін 16:35

Білім – болашақтың берік іргетасы: Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы даму жолына тың серпін береді

Бүгін 16:29

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу

Бүгін 16:17

Наурызбай ауданында су басу фактілері тіркелген жоқ, тұрғындарды эвакуациялау жүргізілмеді

Бүгін 15:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);