Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қыздар асық ойнауға бейімделіп келеді

Қыздар асық ойнауға бейімделіп келеді

Спорт 08.03.2024, 04:56 1,545
Қыздар асық ойнауға бейімделіп келеді
Сурет: интернеттен

Заманмен бірге қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық ойындары да жаңғырып келеді.


Өскелең ұрпақтың ойындардың атына ғана емес, затына да қанық екендігі қуантады. Соның бірі асық ойнау.


Ер балалардың асыққа үйір екені белгілі ғой. Кейінгі кезде қыздарымыз да бейімделіп келеді екен, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. Елордалық Кәусар Серіктің бес асықпен айналысып жүргеніне бес жылдан асты. Бұрымды қыз осы уақыт аралығында асықты ұршықша иіріп, талай бәйгелердің алды болды. Тіпті ҚР чемпионатында да тұғырдың бірінші сатысынан көрінген. 


Кәусар Серік, асық атудан ҚР чемпионы:



- Бірінші мені әпкем үйрете бастады жан-жақты. Содан кейін мектепте үйретіле бастады. Қазірде дамып келе жатыр. Менің, мысалы, үлкен әпкелерім бар, артымнан ерген сіңлілерім де бар ойнап жүрген. Ата-бабадан келе жатқан ойын ғой. Ойнағын келеді қызықты.



Қаладағы асық ату мектебінде оқушылардан бөлек ересектер де шеберліктерін шындайды. Қазір бұл жерде 11 спорт шебері, 20 спорт шеберіне үміткер бар. Қалалық асық ойыны федерациясы президентінің айтуынша бес асық ойынына  қызығушылық көп. Өйткені бұл ойынның адам денсаулығына тигізер пайдасы мол. 


Ескендір Рахметов, Астана қаласының "Асық ойыны" федерациясы президенті:



- Бес асық ойыны арқылы біздің көзіміздің бұлшық еттері, қолдың моторикасы, мойын еттері одан қала берсе психикалық тұрғыдан жақсы тәрбиелейді. Отырып ойнаса да өте ұтымды, сұлу ойын қыздарға арналған. Денсаулыққа пайдасы өте мол. Ол қолжетімді ойын. Ықшам жерде ойнап шығасыз. Үлкен спортзалды талап етпейді. Түрлі-түрлі іс-шараларда қолданылатын қол жетімді спорт.



Ескендір Рахметовтың озық шәкірттерінің бірі Аружан Қуанова. Ол былтырғы жылы өткен 6 шы ұлттық спорт түрлері фестивальінің жеңімпазы. ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері. Енді ол күзде өтетін бәсі биік көшпенділер ойынына қатысуға ден қойып отыр. 


Аружан Қуанова, ҚР Асық ойыны спортынан спорт шебері:



- Бұл ойынмен менің айналысып жатқаныма 2017 ден бері 6-7 жылдай уақыт болып қалды. Және бұл ойын ептілікті шеберлікті дамытады.  Осының арқасында ептілік, шапшандық дамып келе жатыр. Бұл ойынды ойнаған өте қызық. Көбісі ойлайды онай ойын деп. Бұл қиын ойын негізінде.



Асық ойыны ұлттық ойындардың ішінде аса танымалы және қазақ халқы­ның дәстүрлі ұлттық ойын­дарының ең қызықты әрі өте кең тараған түрі. Сондықтан ғасырлар бойы халықтың зердесінде сақталып келген осы бір ойынды өскелең ұр­пақты тәрбиелеудің құралы ретінде пайдалансақ ұтарымыз көп болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#асық #ойын #қыздар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика