конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Қытайлық бақылаушылар Қазақстандағы сайлауда дауыс...

Қытайлық бақылаушылар Қазақстандағы сайлауда дауыс беру барысы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті

Құрылтай Бүгін 16:41 30
Қытайлық бақылаушылар Қазақстандағы сайлауда дауыс беру барысы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті

Қазақстандағы Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды, ашық әрі жария түрде өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Су Фанцю Халықаралық бақылаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдеріне жәрдемдесу орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

Дипломаттың айтуынша, халықаралық бақылаушылар Алматы қаласының бірнеше сайлау учаскесін аралап, оның ішінде №204, №361 мен №622 учаскелеріне арнайы барған. Бақылау барысында олар комиссияның жұмысымен, дауыс беруді ұйымдастыру тәртібімен танысып, сайлаушыларға қандай жағдай жасалғанын өз көзімен көрген. Ол аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері бақылаушылардың жұмысына кәсіби түрде қолдау көрсетіп, барлық сұраққа жедел жауап беріп отырғанына тәнті болыпты.

«Бұл сайлаудың барынша ашық әрі жария өтіп жатқанын атап өту керек. Қазақстан халықаралық бақылаушылардың жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайды жасады, дауыс беру барысы да қалыпты әрі ұйымдасқан түрде, ең бастысы ҚР Конституциясы мен заңнамасына, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге толық сәйкес өтіп жатыр», – дейді Су Фанцю.

Бас консулдың айтуынша, сайлау учаскесінде азаматтар ерекше белсендігімен көзге түскен. Демалыс күні болғанына қарамастан, Алматы тұрғындары дауыс беруге бір кісідей қатысып жатыр. Бақылаушылар БАҚ өкілдерінің белсенділігіне де көңіл аударды. Олардың пікірінше, бұл сайлау науқанының ашықтығын қамтамасыз ететін маңызды элементтің бірі екен.

Халықаралық миссия сайлаудың заңдылығына немесе ашықтығына күмән келтіруге негіз болатын заң бұзушылықты тіркемеген.

«Сайлау барысына күмән келтіретін заң бұзушылықты анықтаған жоқпыз. Қытай тарапы қазіргі сайлаудың демократиялық талаптарға толық сәйкес келгеніне көз жеткізді. Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанына сенімдімін», – деп толықтырды дипломат.

Журналистердің сұрағына үн қата отырып, Су Фанцю Қытайдың стратегиялық серіктесі Қазақстанның даму барысын мұқият бақылап жүргенін, екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетінін зор сенімін білдірді.

Сондай-ақ, ол заң шығарушы органдарының маңызына бөлек тоқталып, Қазақстанның бір палаталы парламенттік жүйеге көшуі тәжірибесі екі жақты байланысты дамытуға қосымша мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді.

Өз сөзін Бас консул тілекпен түйіндеді. Ол Қазақстанға сайлауды табысты өткізіп, еліміздің одан әрі өркендей беруін, екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестікке толағай табыс тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бақылаушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік ұландықтар дауыс беруді мерзімінен бұрын аяқтады

Бүгін 16:53

Алматыда белгілі гимнаст Милад Карими Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін 16:51

Алматыға Құрылтай сайлауына келген халықаралық байқаушылар «Бәйге» ойынына қатысты

Бүгін 16:48

Алматыда Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысу белсенділігі жоғары деңгейде сақталып отыр

Бүгін 16:46

Алматыдағы сайлау учаскелерінде түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды

Бүгін 16:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);