Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қытайдан жүкті теміржол арқылы тасымалдаудың шешім...

Қытайдан жүкті теміржол арқылы тасымалдаудың шешімі табылды

Әлеумет 12.03.2022, 10:47 1,364
Қытайдан жүкті теміржол арқылы тасымалдаудың шешімі табылды
Cурет: Baq.kz

Ұлттық палата тұрып қалған контейнерлердің деректерін жинап жатыр


Логистика мәселелері әлі де назарда қалып отыр. Қытай Халық Республикасынан жүкті теміржол арқылы  тасымалдаудың шешімі табылды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүкті көлікпен тасымалдау мәселесін шешуге қатысты ұсыныстарды пысықтап жатыр.


 Қазір Қытай-Қазақстан шекарасында көлік құралдарының кептелісі тіркелмеген. Алайда, жүкті жеткізу мерзімі қысқармады. Қытай аумағында (порттар, станциялар), соның ішінде Корея, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен транзитпен келген екі мыңнан аса контейнер тұр.


 Ұлттық палата тұрып қалған контейнерлердің деректерін жинап жатыр. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және ҚХР теміржол өкілдерімен келіссөздер барысында қытай тарапы қазақстандық контейнерлерді жедел жөнелтуге жәрдемдесетін айтты. Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі процесті жеделдетуге қосылды.


Бұл ретте шекарада қалып қойған жүк көліктерінің электрон кезегі мәселесі әлі шешілмеген.



«COVID-19 пандемиясы басталған кезде Қытай билігі шектеулер енгізді. Соның салдарынан өткізу бекеттерінің жылдамдығы айтарлықтай төмендеп кетті. Егер пандемияға дейін «Нұр жолы» өткізу бекеті тәулігіне 200-ге дейін көлік құралын өткізген болса, қазір тәулігіне небәрі 10-15 көлік өтеді», – деді ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің директоры Мұрат Амрин.



 Жүкті жеткізу мерзімі – кәсіпкерлер үшін өзекті мәселе. Өйткені бұл бизнестің қалыпты жұмысына кері әсер етеді. Мұның ішінде шикізаттың кешігуі, келісімшарт аясындағы қатынастарды бұзу қаупі және басқа мәселелер бар. Ұлттық палата бекеттерден өту процедураларын қалай оңтайландырып, жеңілдетуге болатынын түсіну үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп, талдау жүргізіп жатыр.


Ұлттық палата мамандары шешім ретінде ҚХР үкіметіне қолданыстағы шектеулерді алып тастау және пандемияға дейінгі шекарадан өту процедурасын қайтаруды сұрап, хат жолдауды ұсынды.


Процестерді цифрландыру да мәселені шешуі мүмкін. Мысалы халыққа «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін халықаралық электрон платформаны енгізу жоспарланған.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тауар #Қытай #шекара #Теміржол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика